Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет62/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
                                                   
 
 
36 
- бір технологиялық тіреуде орналасқан функционалды блоктарды; 
- кемінде  қорғалатын  бір  аймаққа  қызмет  көрсететін  өрт  басқару  аспаптарының 
функционалды блоктарды;  
- бір  топтағы  өрт  хабарландырушылары  және  қол  өрт  хабарландырушылары, 
хабарландырғыштар; 
- басқару  нысанының  атқарушы  құрылғылары  (өрт  сөндіру  қондырғыларының  іске 
қосу  құрылғылары,  түтін  қақпақшаларының  және  түтінді  кетіру  жүйелерінің  басқа 
құрылғыларының  электр  жетектері,  сумен  және  көбікті  өрт  сөндіру  қондырғыларының 
жабу  құрылғылары,  бақылау-өлшеу  аспаптары)  және  5.6,  19.2,  19.3  бойынша 
бұғатталатын құрылғылар.  
17.3.2 Өрт дабыл жүйесінің жалғау желілерінің тұтастығы келесі талаптарға сәйкес 
қамтамасыз етілуі керек: 
- қол  өрт  хабарландырушылары,  өрт  хабарландырушылары  немесе  өрт 
хабарландырғыштары  (немесе  аталғандардың  комбинациясы)  бар  бір  тізбектегі  ақаулық 
қандай да бір басқа тізбектерге әсер етпеуі керек
- хабарландырушы тізбегі мен хабарландырғыш тізбегі арасындағы транспозицияны 
түзетін  кез-келген  ақаулық  жанап  өтетін  екі  тізбектен  өзгеше  тізбектерге  әсер  етпеуі 
керек; 
- жалаң  қабатты  қысқа  тұйықталу  немесе  өрт  хабарландырушыларының 
тізбектерінің  үзілуі  1600  м
2
  жоғары  аудандағы  қорғанысты  сөндірмеуі  тиіс  және 
ғимараттың қандай да бір қабатының қорғанышын сөндірмеуі тиіс; 
- бағдарламалық  басқаруда  тұрған,  512  астам  өрт  хабарландырушылары  және 
(немесе) қол өрт хабарландырушылары қосылған өрт қабылдау-бақылау аспабы үшін өрт 
дабыл жүйесінің тұтастығы өндіруші нұсқаулықтарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс;  
- қол  өрт  хабарландырушыларының  немесе  өрт  хабарландырушыларының 
тізбектерін  сөндіру  үшін  арнайы  қарастырылған  кез-келген  құрал  басқа  аймақтардың 
қорғанысын сөндірмей-ақ бір аймақтың қорғанысын сөндіруге рұқсат етуі тиіс;  
- қандай  да  бір  қол  өрт  хабарландырушыларын  немесе  өрт  хабарландырушыларын 
тізбектен босату қандай да бір өрт хабарландырғыштары және өрт хабарландырушылары 
бірге орнатылған жағдайлардан басқа дабыл сигналына әсерін тигізу  қабілеттілігіне әсер 
етпеуі тиіс; 
- егер қабылдау-бақылау аспабының электрмен жабдықтау көзі одан жеке үй-жайға 
орнатылған  болса,  қоректендіруші  желілер  желідегі  жалаң  қабатты  қысқа  тұйықталу 
немесе  тізбектегі  үзілу  өрт  қабылдау-бақылау  аспабының  электрмен  жабдықтауын 
толықтай  сөндірмейтіндей  етіп  қайталануы  керек.  Қайталанатын  шоғырсымдар  кемінде 
300 мм арақашықтықпен бөлінуі тиіс, келесі мүмкін болғанда; 
- электрмен  жабдықтау  көзі  немесе  резервтік  батарея  (батареялар)  өрт  қабылдау-
бақылау  аспабынан  бөлек  үй-жайда  орналасқан  кезде  қоректендіруші  желілер  асқын 
тоқтардан қорғалуы тиіс.  
17.3.3 Өрт дабыл жүйесінің жалғау желісіндегі ақаулық индикациясы өрт қабылдау-
бақылау аспабында төмендегі кез-келген аталған күйлер туындағаннан кейін 100 секунд 
ішінде берілуі тиіс: 
а) қол  өрт  хабарландырушыларының  немесе  өрт  хабарландырушыларының  кез-
келген тізбектеріндегі қысқа тұйықталу немесе  үзілу; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет