Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені


ЯРВИНЕН, ОКУНЕН ЖƏНЕ ГУЛЬБЕНІҢ



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452350
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
inbound7245658799138671841

ЯРВИНЕН, ОКУНЕН ЖƏНЕ ГУЛЬБЕНІҢ

ПАТШАЛЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

       Ярвинен сөзін былайша сабақтады:

     «Мен бір кездері көше кезген қарасирақ кедей баласы едім. Қазір 

болса, көпшіліктің алдына шығып, Отанымның көркеюі үшін қосып 

жатқан үлесімді мақтана, ауыз толтырып айтатын жағдайға жеттім. 

Осындай  жетістікке  жеткенім  үшін,  бала  күнімде  ойда  –  жоқта 

қатысып,  тыңдаушысы  болған  семинарға  алғысымды  білдіремін. 

Сіздерге түсінікті болу үшін бəрін басынан бастайын:

          Сөзімнің  басында  айтып  өткенімдей,  базардың  бір  бұрышынан 

сатып алған кішкентай дүкенім бар болатын. Осы дүкенде күні бойы 

тоқаш пен тəттілер сатам. Күндердің күнінде, айна қатесіз қайталана 

беретін саудагерлік өмірімнен жалығып, не істерімді білмей, рухани 

күйзеліске  түсе  бастадым.  Дəл  осы  тұста  біздің  қыстақ

тұрғындарының  басын  қосып,  пайдалы  кеңестер  беретін  семинар

ұйымдастырып жүрген көзі ашық, көкірегі ояу бір адам келіпті деп

естіп,  елең  ете  қалдым.  Ол  жер  –  жерге  өз  жарнамасын  да  асып

үлгеріпті. Жарнамада былай жазылған:

          «Жас  демей,  кəрі  демей,  сауатты,  сауатсыз  деп  бөлмей, 

баршаңызды  басқосуға  шақырамын!  Бар  өмірімді  біздің  сүйікті 

Суомиіміздің өркендеуі мен дамуына арнадым. Менімен өткізген бір 

сағат  сіздер  үшін  жəне  Отанымыз  үшін  бірнеше  жылдық  пайдалы 

кеңестер алуыңызға үлесін қосады деп үміттенемін.»

          Шынымды  айтсам,  бұған  дейін  мен  біраз  конференцияларға 

қатысқан болатынмын. Бірақ, ешбіріне көңілім толған емес. Себебі, 

мен  барған  конференцияларда  шығатын  адамдар  (менің  ойымша) 

мінберге  шығуға  лайық  еместей  көрінетін.  Себебі,  бұлардың 

біріншісі,  аузында  бір  тісі  қалмаған,  айтқандарын  өзінен  басқа 

ешкім  түсінбейтін  дін  өкілі  болса,  екіншісі,  бұдан  да  сорақы.  Олар 




жиналған  көпшілік  алдына  шығып  алып,  өздерінше  қызықтырамыз 

деп,  халыққа  арзанқол  əңгімелер  айтып,  өздерін  –  өздері

сайқымазаққа  айналдырған  жастар.  Үшінші  топ  болса,  білім

министрлігінің  қызметкерлері.  Олардың  көздегені  –  қарабастың

пайдасы. Ел арасына келіп, жиын өткізгендері үшін алатын іссапар

ақысы  үшін  келіп  кететіндей  көрінетін  де  тұратын.  Ондайлардың

айтқан сөздері де тұшымсыз шығатын.

      Бұл жолғы конференцияның жарнамасы тек мені ғана емес, біраз 

адамның  көңілін  елеңдеткені  рас.  Соның  дəлелі  болса  керек, 

межеленген уақытта жиынға келген адам залды лық толтырды. Мен 

де  жиналған  көпшіліктің  қатарында  едім.  Бұл  конференция  менің 

рухымды  тербеп,  көңіл  көзімді  ашты.  Өмірдің  шын  мəніндегі 

мақсаты  мен  мағынасын  түсіндіріп  берді.  Конференцияны 

ұйымдастырып,  ел  алдына  мінберге  шыққан  адам  Робинзон 

Крузоны  мысалға  ала  отырып,  сөзін  кеңінен  сабақтады.  Оның 

сөздері  Сократтың  пəлсапасына  ұқсап  кетті.  Мінберде  тұрған  от 

ауызды,  орақ  тілді  бұл  адамның  пəлсапалық  ой  –  толғамдары 

жиылған қауымды еріксіз өзіне баурады. Себебі, ол терең мағыналы 

пəлсапалық  ойды  үлкендер  түгілі,  балалардың  өзі  түсіне  алатын 

қарапайым əрі көркем, айшықты тілмен баяндап берді:

          «Адамзат  қауымы  үлкен  бала  секілді.  Адамдар  өз  араларында 

туындаған 

дау-дамайды 

ұрыс-керіспен, 

айқаймен 

шешеді. 


Осылайша  өмірдің  құндылықтарын  арзандатып  алып  жатады. 

Робинзон жайлы шығарманы білетін боларсыздар? Тым құрығанда, 

оқымасаңыз  да,  естіген  шығарсыздар?  Оқығандарыңыз  қашан 

оқығандарыңызды  естеріңізге  түсіріңіздер.  Бала  кездеріңізде

оқыдыңыздар. Солай ғой, иə?

          Көбінесе  Робинзон  хикаясын  балаларға  арналған  шығарма  деп 

ойлайды.  Жоқ,  олай  емес.  Менің  ойымша,  бұл  кітап  –  болашақта 

өзін  мойындатқысы  келетін,  дамудың  даңғыл  жолын  таңдап  алған 

əрбір  жас  мемлекет  үшін  жол  көрсететін  пəлсапа  кітабы.  Робинзон 

əлемдегі  қаһармандардың  ішіндегі  ең  үлкені,  ең  мықтысы.  Керек

десеңіз  оның  қаһармандығы  Цезарь  мен  Наполеоннан  да  асып

түспесе,  кем  емес.  Себебі,  ол  –  мəдениет  қаһарманы.  Ерекше  төзім

мен сабырдың шынайы да жанды символы.



     Робинзон Крузо – адамдарға Англия мен Солтүстік Американың 

күш-қуатының сырын түсіндіретін кілт.

          Робинзон  –  жер  бетіндегі  қуаныш  пен  бақыттың  өкілі.  Оның 

пəлсапасы  Шопенгауерден  жүз  есе  жоғары.  Ол  –  адамзат 

қауымының жоғары мəдениетке қол жеткізу жолында болған рухани 

соғысының жеңімпазы.

          Бұл  əлемнің  иесі  адамзат  баласы  екенін  Робинзоннан  үйренуге 

болады.  Ол  бізге  құр  сөзбен  емес,  жанды  мысалдар  арқылы,  өз  іс-

əрекеті  арқылы  үлгі  бола  білді.  Ол  адамның  ақыл-ойы,  сана-сезімі,

күшті  ерік-жігері  табиғаттағы  қараңғылық  атаулыға  қарсы  тұра

алатынын,  рухани  сырқатқа  душар  болған  сана-сезімдердің

сандырақтарына  мойынсұнбау  қажеттігін  айтады.  Бір  сəтке

Робинзонның басына келген жайтты ойлап көрейік:

    Алапат теңіз толқындары кемені парша-парша қылып, бөлшектеп 

жатыр. Жан-жақта өмір сүруге мүмкіндік беретін бір уыс топырақ та 

көрінбейді! Айнала ұшы-қиыры жоқ, телегей теңіз. Кеменің барлық 

жолаушылары  теңіздің  тұңғиығына  батып,  жоқ  болған.  Тек  жалғыз 

жас бала ғана кемеден қалған ағашқа жабысып, жан сауғалап, аман 

қалған.  Толқын  оны  аш,  жалаңаш  күйі  адам  баласы  аяқ  баспаған 

аралға шығарып тастаған. 

        Робинзон  қиналғанына  қарамастан,  үмітсіздікке  салынбай, 

кеменің  қалдықтарын  аралға  сүйреп  əкеліп,  ағаштан  өзіне  үйшік 

жасайды.  Бидай  егеді.  Жабайы  ешкілерді  қолға  үйретеді.  Аралға 

келген сол жердің жабайы адамдарын ұстап алып, онымен достасып, 

оларды  өзіне  көмекші  қылады.  Қысқасы,  адам  аяғы  тимеген  бос 

аралда адамға тəн тіршілікпен күн кешеді. 

    Жалғыз өзі... Жап-жас, балаң жігіт... Айдалада аралда...

        Құрметті  мұғалімдер,  поптар,  əкімдер,  инженерлер,  адвокаттар, 

жас  Суомидің  кішкентай  балалары,  ертеңіміздің  бəйшешектері!

Сіздер  де  өз  ұлтыңыздың  бір-бір  Робинзоны  болғыңыз  келмей  ме?

Ол  айдаладағы  аралдың  қақ  ортасында  адам  етін  жейтін

жабайылардың өзін тəрбиелеп, оны өзіне дос қыла білген. Ал сіздер

болсаңыздар, 

үлкен 


қалаларда, 

жоғары 


мектептердің,

баспасөздердің,  театр  мен  мұражай  сынды  мəдени  ошақтардың

түбінде  тұрып,  ұлтымыздың  мыңдаған  тұлғалары  туралы:  «Олар

надан, жабайы, маскүнем!» - деп шағымданасыздар.




     Бір сəт Робинзонның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер!» - деп, 

жалынды сөздерімен бəрімізді терең ойға батырды.

     Ярвинен еш тоқтамастан сөзін жалғастырды:

          «Бұл  конференция  менің  көзімді  ашты.  Қиялыма  қанат  бітірді. 

Жан-дүнием алай-дүлей күй кешіп, ішімде үлкен адам болуға деген 

құштарлық оянды. Біздің кішкентай Суоми үшін мен де бір пайдалы 

іс жасайын деген ой келді.

          Бірақ,  мен  жалғыз  өзім  не  істей  аламын?  Бар  –  жоғы  нан 

сатушымын.  Мен  сияқты  тоқаш  сататын  жас  жігіттің  қолынан  не 

келеді?


      Өзіммен бірге жиынға үш досымды ерте барғанмын. Өз ойымды 

сол  достарыма  айттым.  Алғашында  олар  маған  қарсы  шығып, 

пəлендей қолдау көрсете қоймады. Олардың бірі терімен айналысса, 

бірі 


темір 

ұстасы, 


үшінші 

досым 


жұмыртқа 

сататын. 

Конференциядан қайтар жолда олар:

      Əрқайсысымыз бір-бір қаһарман емеспіз бе? Біреуіміз жұмыртқа 

сатамыз,  енді  біріміз  терімен  айналысамыз.  Сен  болсаң,  балаларға 

тəтті  тоқаш  сатасың.  Біз  қалай  Робинзон  болмақшымыз?»  -  деп, 

сөздерінің соңын күлкіге айналдырып жіберді. 

     Дəл осы сəтте мен шабыттанып:

        «Сендер  не  деп  тұрсыңдар?  Мен  тоқаш  сатып,  өз  ісімнің  бір 

Робинзоны неге болмасқа? Тек тəтті нанды сатумен ғана шектелмей, 

елімізде бал арасын бағуды қолға аламын. Сонан соң, уақыт өте келе 

жай  ғана  тəтті  тоқаш  емес,  балдан  жасалған  тоқаштарды  сата 

бастаймын. Осылайша, тəтті тоқаштарды тек бақуатты адамдар ғана 

емес,  барлық  қарапайым  отбасының  адамдары  да  күнделікті 

дастархандарында  көретін  дəрежеге  жеткіземін.  Достар,  мен 

шешімімді  қабылдадым.  Болашақта  осы  елдің  «Тəтті  патшасы» 

боламын!»

    Менің бұл сөздерімді естіген достарым, күліп:

    «Сен сондай болсаң, біз кім боламыз?» - деді.

        «Сендердің  біреуің  «Аяқкиім  патшасы»,  екіншің  «Жұмыртқа 

патшасы» болуларына болады» - дедім.

        Біз  бірігіп,  жоспар  жасай  бастадық.  Үйге  келген  соң  да,  таң

атқанша, көз ілмей, осы тақырыптарды талқылаумен болдық.



        «Мұнан  кейін  не  болды?»  -  деген  сұрақ  көкейлеріңізде  тұрған

болар.


        Не  болсын?  Көп  уақыт  өтпей  –  ақ,  бар  ынта  –  жігерімізбен 

дамылсыз  еңбектеніп,  арманымыздың  шындыққа  айналғанын 

көрдік.

        Тері  илейтін  досым  ақшасын  жинап,  Парижге  барып,  өз  кəсібі 

бойынша біліктілігін жетілдіріп келді. Ол жақта əлемге аты шыққан 

маркалы  аяқ  киімдер  тігетін  жерде  үш  жыл  жұмыс  істеп,  өз  ісінің 

нағыз шебері болып оралды.

    Қазір екі ұлымен бірге жеке кəсіптерін дөңгелетіп отыр. Екі ұлы

да  жоғары  білімді.  Бірі  химия  саласы  бойынша  маманданып,  қазір

Финляндиядағы  ең  үлкен  тері  фабрикасының  директоры  қызметін

атқаруда.

    «Окунен жəне ұлдары» деп аталатын фирма қазіргі таңда барша 

Еуропаға  танымал  болды.  Окунен  тері  илейтін  орындары 

Финляндиямен 

қатар, 

Еуропаның 

Окуненнің 

аяқ 


киім

магазиндерінен  көруге  болады.  Бұл  магазиндерді  Окуненнің  кіші

ұлы  басқарады.  Ол  Германияда  жоғары  білім  алған.  Жергілікті

париждіктер сияқты французша анық əрі сауатты сөйлейді. Əлемдік

сəн  үлгісінің  маманы  ағылшын  Велиахт  Эдвард  Окуненнің  аяқ

киімдерін  арнайы  сұраныспен  алдырып  киеді.  Ол  Окуненнің

баласын  əріптесі  ретінде  көріп,  «Біз  екеуміз  бір-бір  патшалықтың

Велиахтысымыз. Мен ағылшын патшайымының ұлы болсам, Сіз аяқ

киім патшасының ұлысыз» - деп əзілдейтін көрінеді.

          «Окунен  жəне  ұлдары»  деген  фирма  жыл  сайын  Финляндияда 

білім алған оншақты жасты таңдап, оларды жоғары білім алуы үшін 

Германияның  Вирчхов  зертханасына,  Француздардың  Пастор 

институтына, Америкада Эдисонның жанына жібереді.

          Окуненнің  осындай  жетістікке  жетуі,  сөз  жоқ,  бір  кездегі

Робинзон туралы семинардың берген нəтижесі дер едім.

     Базарда себетімен жұмыртқа сататын досым – Томас Гульбе де 

шын  мəнінде  «Жұмыртқа  патшасы»  атанды.  Ол  өз  елімізден  басқа, 

Англия, Франция мен Германияға да танымал кəсіпкер болды.

     Томас Гульбе, алғашында кəсібін ауыл-ауылды аралап, жұмыртқа 

жинаудан бастады. Əрбір ауыл мен қыстақ үйлерінің есігін қағып, əр 

үйден  екі-үштен  жұмыртқа  сатып  алып,  оның  орнына  ауыл 



адамдарына  кəделеріне  жарайтын  жəне  оларға  ұнайтын  ұсақ-түйек 

заттар  беріп,  жинаған  мыңдаған  жұмыртқаларды  шетелдерге 

сатылымға шығаратын.

    Гульбе ең балғын жұмыртқаларды таңдап, оның сапасына ерекше 

мəн  беретін.  Үш  күннен  көп  тұрған  жұмыртқаны  қатайып  кеткен 

деп, алмайтын. Əрбір жұмыртқада «T.G», яғни «Томас Гульбе» деген

марканың мөрі басылатын.

        Бір  жылдан  соң,  Лондон,  Париж  жəне  Берлиннің  ең  үлкен 

мейрамханалары  «T.G»  маркалы  жұмыртқаларға  сұраныс  бере

бастады.


        Жол  шығыны  тым  көп  болғандықтан,  Томас  Гульбе 

Финляндияның  жер-жеріне  бара  алмайтын.  Əйткенмен,  ол  бұл 

кедергінің  де  шешімін  тапты.  Финляндиядағы  бастауыш  мектеп 

мұғалімдерімен  хат  арқылы  тілдесіп,  ел  арасында  мұғалімдердің 

көмегімен  байланыс  орнатты.  Бұл  өте  кең  ауқымды,  бірақ  өте 

қарапайым  ғана  іс  болатын.  Гульбе  алдымен  Суомиді  бірнеше 

аймақтарға  бөліп  алды.  Əрбір  аймақты  Рим  санымен  нөмірлеп 

шықты. Əр аудандағы хат алысатын мұғалімдердің аттарын осы Рим 

санының  қатарына  тіркеді.  Мұнан  соң  жұмыртқаны  өткізген 

отбасының тегінің бас əрпін белгілей бастады.

          Оқушылар  күн  сайын  сабаққа  келгенде,  өздерінің  немесе 

көршілерінің үйіндегі тауықтардың балғын жұмыртқаларын сабаққа 

ала келіп, мұғалімдеріне өткізетін болды.

          Мұғалім  күнделікті  жинаған  жүздеген  жұмыртқаларға  қажетті 

белгілерді  қойған  соң,  Томас  Гульбенің  жұмыртқа  деполары 

орналасқан  Або  қаласына  жолдап  отыратын  болды.  Ол  жерден

жұмыртқалар бірден арнайы қалыптарға салынып, кемемен діттеген

жерге  жіберілетін.  Осындай  қолға  алынған  жүйелі  шараның

арқасында, 

Париж, 


Лондон, 

Бреслав, 

Анверс, 

Берлин


мейрамханаларында  келген  тұтынушыларға  «T.G»  маркалы,  екі-үш

күндік балғын жұмыртқа берілетін болды.

     Бұл жұмыртқалардың арасынан біреуі талапқа сай болмай қалған 

жағдайда, «15 сəуір, VII,15,M. белгісіндегі жұмыртқа бұзылған» деп

жазылып, Гульбеге хат жолданатын.

        Гульбе  бұл  хатты  алысымен,  өзінің  тіркеуіндегі  мəліметтерді 

тексеріп,  VII  нөмерлі  Куопио  қыстағынан,  15  –  ші  нөмерлі



мұғалімнің  М.  ханымнан  алған  жұмыртқасы  бұзылғандығына  көз

жеткізетін.  Онан  соң,  дереу  мұғалімге  болған  жайтты  ескертіп,  хат

жазатын.  Хатта  ол:  «15  сəуір  күні  Макинен  ханымнан  алған

жұмыртқа  ескіріп  кеткен.  Егер  осындай  жағдай  екінші  рет

қайталанатын болса, біз оның жұмыртқаларын алмайтын боламыз» -

деп ескертуін талап ететін.

          Арада  он  жыл  өткен  соң,  Томас  Гульбе  Финляндияның 

«Жұмыртқа  патшасы»  атанды.  Оның  Лондо,  Гамбург  жəне

Финсингенде жұмыртқаларды сақтауға арналған жазда суық, қыста

жылы  температурамен  қамтамасыз  ететін  арнайы  деполары  пайда

болды.

        Финляндияның  барлық  аудан  орталықтарында  тауық  өсіретін 



фермалар  салып,  ауыл  адамдарына  тауықтарды  арзан  бағамен  сата 

бастады.


          Томас  Гульбе  жұмыртқа  саудасымен  қатар,  аң  аулайтын  құстар 

мен  иеттерді  де  бағып,  оларды  сатумен  айналысты.  Ол  миллионер 

атанғалы  бірнеше  жылдың  жүзі  болды.  Бұны  айтып  отырған 

себебім, ол байыған сайын, жыл сайын табыс көзінен мемлекетке де 

миллиондаған қаражат бөледі.

        Ол  жылда  ауыл  мектептерінің  кабинеттеріне  жүз  мың  марк,  ең 

ақылды,  зейінді  ауыл  балаларының  егіншілікті  зерттеу  үшін 

Норвегия,  Дания  жəне  Швеция  сынды  өлкелерге  барып,  білімдерін 

арттыру үшін жүз мың марк, фин халқынан шыққан атақты ақын – 

жазушылар мен өнер адамдарының шетелдерде зерттеу жұмыстарын 

жасау үшін де жүз мың марк қаражат бөліп отырды.

        Бүгінге  дейін  оның  мемлекетке  қайырымдылық  қорына  бөлген 

қаражаты  екі  жарым  миллион  маркты  құрады.  Бұл  Гульбенің  бар 

байлығының  болар  –  болмас  бөлшегі  ғана.  Сіздерді  мезі  қылмай 

тұрғанда, Гульбе жайлы хикаяны бітіріп, өз хикаяма көшейін:

     Менің хикаям кішкентай тоқаш сататын баланың өсе келе қалай 

«Тосап патшасы» атанғаны туралы болмақ.

          Жоғарыда  айтып  өткенімдей,  Робинзон  жайында 

конфенренциядан  соң,  мен  өз  кəсібімнің  Наполеоны  болуды 

ұйғардым.  Олдымен  Финляндия,  сосын  Еуропа  менің  сауда 

имперлаторлығыма  айналады  деп  шештім.  Бұл  –  анау  айтқандай 



сауатым да жоқ, мен сияқты фин баласының асқақ арманы болатын. 

Бірақ, мен қалай да діттеген мақсатыма жетуге бел сыбана кірістім.

          Əуелі  кішкентай  шырын  фабрикасын  аштым.  Бұл  фабрика  əлі

күнге дейін жұмысын тоқтатқан емес. Банк директорына барып:

    «Мен бүкіл Финляндияны мойындататын «Тəтті патшасы»болғым 

келеді» - дедім де, өз ойларыммен бөлістім.

      Банк бастығы менің сөзімді мұқият тыңдап болған соң:

     «Ойға алған жоспарыңызды жүзеге асыру үшін тырысып көріңіз. 

Біз де сізге көмек ретінде біршама ақша бөліп, тəуекел етейік» - деді.

            Кəсібімнің  бастамасы  жаман  болған  жоқ.  Фабрикамызда 

дайындалған  шырын  таза,  қою  əрі  дəмі  тіл  үйіретін.  Анау  –  мынау 

шекерден  əлдеқайда  дəмді  еді.  Бұрындары  ауыл  –  ауылды  аралап, 

шырынды  өткізіп,  картопқа  айырбас  жасайтынмын  да,  жиналған 

картоптан  қайта  шырын  өндіретінмін.  Арада  екі  жыл  өткен  кезде

Финляндияда  бес  фабрикам  іске  қосылды.  Мұнан  соң  тағы  жаңа

кəсіпті қолға алдым. Біздің өлкеміздің ормандарында құлпынай көп

өседі.  Қыста  ауылдарды  аралап  жүріп,  адамдарға  мыңдаған  литр

шырынды  қарызға  таратып  шықтым.  Ауыл  адамдары  болса,  жаз

шығысымен,  қарыздарын  өтек  үшін,  құлпынай  жинап  өткізетін

болды.  Жазда  бала-шаға,  үлкен-кіші  демей,  барлығы  орманға

құлпынай  теруге  шығып,  жинаған  жемістерін  маған  əкеліп  өткізе

бастады. Бұл құлпынайлар мен үшін сатып алғаннан гөрі, кəдімгідей

арзанға түсті.

     Бірте – бірте Финляндияның ауыл адамдары мен жұмысшылары 

тосапты нанға жағып жейтін халге жетті. Тосап жағылған нан тілімі 

көптеген  отбасының  түскі  жəне  кешкі  ас  мəзірінің  айырылмас 

бөлшегіне айналды. Себебі, менің фабрикамнан шыққан тосап тəтті, 

əрі  бағасы  да  қолжетімді  болатын.  Келесі  жылы  Финляндияның 

орманынан жиналған құлпынайлар тосап жасауға аздық ете бастады. 

Ресей  мен  Германияға  арнайы  сұраныстар  жібердім.  Ресейден 

Владимировский деп аталатын танымал шие сорттары келе бастады. 

Ирландиядан  құрамында  қанты  көп  болатын  картоп  түрін

алдырдым.

     Ауыл – ауылды аралап, тұрғындарға жидек пен күнделікті ішіп – 

жемге  қажетті  картоптың  тұқымын  таратып,  оларды  егіп,  күтіп  – 



баптаудың  əдістерін  үйреттім.  Осылайша  бірте  –  бірте 

Финляндияның барлық жері менің егістік алқабыма айналды.

          Кəсібімнің  осыншалық  деңгейде  дамығанын  көрген  сайын 

кеудемді  қуаныш  сезімі  билейтін.  Тосап  пен  тəттіге  құмар  ақын  – 

жазушылар  мен  өнер  адамдары  да  маған  қол  ұшын  берді.  Олар 

менің  əрбір  жаңалығым  мен  қуанышыма  ортақ  болатын.  Күндіз  – 

түні  Ярвинен  тосаптарын  мейлінше  сапалы  əрі  арзан,  халыққа

қолжетімді қылуды ойладым.

            Өзенде  жұмыс  істейтін  қайықшылар,  таулардағы  кеншілер  де 

менің тосаптарыммен қоректенетін. Бірде Финляндияға жолы түскен 

бір ағылшын орманшысы қарамағындағы жұмысшылардың Ярвинен

тосабын жегендерін көріп, өзі де дəмін татып:

        «Бұл  тосаптар  жұмысшылардан  гөрі,  патшалардың  салтанатты 

сарайларында  дастарханның  сəні  болатындай  тəтті  екен. 

Осыншалық сапалы əрі дəмді бола тұра, арзанға сатылуының сырын 

түсінбедім.  Сіз  маған  осы  бағамен  50  000  құтысын  бересіз  бе?»  - 

деді.

    Мен оған:



      «Əлбетте,  берем.  Тіпті  50.000  құтысын  бірден  алғаныңыз  үшін 

сізге екі пайыз жеңілдік жасаймын» - дедім.

        Осылайша  «Ярвинен»  тосаптары  Англияға  жол  тартты. 

Ағылшындардан  кейін  Дания,  Голландия,  Бельгия,  Германия, 

Франция тіпті, Америкада да сатыла бастады.

        Тосап  өндірісі  бірнеше  кезеңнен  тұрады.  Əр  кезеңнің  жүзеге 

асуын  химия  мамандары,  сол  істің  шеберлері  қадағалайды.  Бұл 

мамандар жүйелі түрде түрлі аймақтарда болып, халықпен кездесіп, 

оларға  картоптың,  шиенің  жəне  құлпынайдың  сорттарын  қалай 

өсіріп,  күтіп-баптау  керектігі  жайында  ақыл-кеңестерімен  бөлісіп 

отыратын. 

        Қазір  жаз  мезгілінде  суық,  қыста  жылы  температурамен 

қамтамасыз  ететін  арнайы  вагондарымыз  бар.  Жыл  сайын  Месина 

теңіз портынан бір кеме апельсин мен Сингапурдан лимон жəне бір 

кеме  күріш  сатып  аламыз.  Менің  шырын,  тосап  жəне  мармеладқа 

арналған құтыларым бүгінде ром, ликёр жəне коньяк құтыларының 

басты бəсекелесіне айналды. 

    Ярвинен мемлекеттік университеттің профессорларына:




      «Сіздер  менен  де  жақсы  білесіздер  ғой,  қант  ағзаға  қажетті 

дəрумендерге  бай,  денсаулыққа  пайдалы  қорек  түрі.  Жақсы  əрі

сапалы  тағаммен  қоректенген  халық  өкілдері  ішкілікке  де  əуес

болмайды.  Ащы  тəттінің,  тəтті  де  ащының  қас  жауы  болып

саналады. 

Маскүнем 

адамдар 

тəттіге 


құмартпайды. 

Ал

тəттіқұмарлар  болса,  керісінше,  алкогольдік  ішімдікке  ден  қоюы



екіталай.

        Міне,  осы  себепті  халық  «Ярвинен»  тосаптарының  құтыларын 

«Ішкілік  құтыларының  басты  қарсыласы»  деп  атайды.  Себебі, 

ішкіліктің  құтысы  босаған  үйден  жанжал  арылмаса,  əрбір  тосап 

құтысы  ауылдағы  жұмысшының  үйіне,  керісінше,  жақсылықтың 

жаршысы,  жаңа  өмірдің  бастауындай  болып  кіреді.  Бұл  құтыны 

көрген  баланың  жүзі  бал-бұл  жанып,  көңіліне  қуаныш  ұялайды. 

Отағасының  бір  күндік  еңбекақысының  ішкілікке  кеткенінен  əбден 

зəрезап  болған  отанасы  да  тосап  құтысын  көріп,  жүзі  жайнап  сала 

береді. 


          Мен  теңіз  портында  «Ярвинен»  маркалы  мыңдаған  тосап 

жəшіктерінің  тиелгенін  көріп,  жүрегім  қуаныштан  жарылып

кетердей  бақытты  күй  кешемін.  Əрбір  тосап  құтысын  өзімнің

əскерлерім сынды көремін. Олар халықтың бақыты мен тыныштығы

үшін алыс сапарға аттанып бара жатқандай.

        Мен  қиялымда  оларды  қасиетті  мекенге  орналастырып 

қойғанмын.  Мен  үшін  əрбір  тосап  құтысы  өзінше  құнды,  өзінше 

бағалы. Себебі, олар жай ғана тосап құтылары емес, сонымен қатар 

Финляндияда,  қажет  болса,  əлемнің  басқа  өлкелерінде  де 

адамзаттың  тату-тəтті  өмір  сүруі  үшін  талпынған  менің  арманым 

мен мақсат – мүддемді жүзеге асырушы бірден-бір құралым.

        Осы  күнге  жетуіме,  кеудемдегі  жастық  жалынды  үрлеп,  сол 

арқылы  адамзат  қауымына  пайдалы  болуыма  жол  ашқан  Робинзон 

сынды  қаһарманның  өмірін  баяндаған  кітаптың  авторына

қарыздармын.

        Сонан  соң,  халыққа  білім  мен  жарық  шашқан  сіздерге  шексіз 

алғысымды  білдіремін.  Сіздер  менің  жүрегімнің  шырағына  май 

құйдыңыздар. Сіздерге рахмет! Үлкен рахмет!

        Жасап  жатқан  үлкен  істеріңіздің  өтеуі  жай  ғана  рахмет  айтумен 

қайтпайды, əрине. Сіздердің осы жолда еш мойымастан ұлы істерде 




үлкен жетістіктерге жете берулеріңізді тілеймін.

        Жалып  тарихты  оқыдым.  Көптеген  ғылым  адамдарымен  де 

пікірлес болып, терең ойға шомдым. Əлі де сол ойдан арыла қойған 

жоқпын.  Менің  ойымша,  көптеген  ұлыстар  əлі  күнге  дейін

жабайылықтан  арыла  алмай  келеді.  Бірақ  қазіргі  жабайылық

бұрынғы жабайылық сияқты емес, өзгеше.

          Тарихта  басқалардың  жерін  зорлықпен  тартып  алған 

қолбасшыларға неліктен соншалықты ерекше құрмет көрсетілетінін 

əлі  күнге  дейін  түсіне  алмаймын.  Александр  Македонский,  Цезарь, 

Наполеон  жəне  осылар  сияқты  мыңдаған  қолбасшылар  өзгелердің 

жерін ту-талапай еткеннен басқа не істеді?

        Бұл  шайқастардың  нəтижесінде  алып  мемлекеттер  пайда 

болғанымен, бұқара халыққа қаншалықты тиімді болды?Олар керек

десеңіз,  əлі  күнге  дейін  мұқтаждық  пен  аштықтың  азабын  тартып,

өмірлерімен  хош  айтысуда.  Мыңдаған  адамдар  болса,  білім-

ғылымнан мақрұм қалып, надандықтың бешпетін жамылуда. Барлық

жерде  ішімдік,  ұрлық,  арзан  көңіл  көтеруге  деген  құштарлық  пен

ұрыс-керіс,  жек  көру,  кек  сақтау  ...  Адамдар  сыйластықтың

ауылынан алыстап барады.»

        Тарих  қаншама  рет  осы  іспеттес  ғибрат  боларлық  жайттардан

дəріс берді? ... Қаншама рет олардың қателерін беттеріне басты? ...

          Бірақ,  бұлардың  ешбірі  адамдарға  ғибрат  дəрісі  бола  алмады. 

Саясаткерлер əлі күнге дейін жағымпаздық пен жалтақтық ойынын 

жалғастыруда.  Олардың  бар  білері  –  мемлекеттің  шекарасын 

кеңейту,  бірақ  сол  кеңейткен  шекараның  ішіндегі  сана-сезім  мен 

ождандарды  жоғарылату  туралы  ойланып  жатқандар  кемде  –  кем. 

Оған бас қатырғылары келмейді.

     Біздің кішкентай Суомиіміз жер көлемі жағынан үлкен емес. Өз 

басым еліміздің жер көлемінің кеңейгенін емес, отандастарымыздың 

санының  күн  өткен  сайын  арта  түскенін  қалаймын.  Олар  еліміздің 

жарқын  болашығының  негізін  қалаушылары  болса  екен  деп 

тілеймін».

        Ярвинен  көпшілік  арасынан  мұғалімдерге  ерекше  ілтипатпен 

басын иіп, сөзін тəмамдады. 

        Ярвиненнің  жалынды  сөздерінен  соң,  Торстен  Форстен  атты 

ауылдың ақсақалы орнынан тұрып:




    «Амин!» -  деді.

    Мұнан кейін барлық жиналған көпшілік те бірауыздан ақсақалдың 

айтқанын қайталады.

    «Амин! Амин!»

        Торстен  Форстеннің  үш  ұлы  бірдей  Хельсинки  университетінің 

профессоры. Өзі болса, қарапайым ауыл тұрғыны. 

    Министр мырза жиналысты қорытындылап, былай деді:

    «Ярвиненнің мындай ақылды əрі сезімге толы шынайы сөздеріне 

алып-қосар  ешнəрсе  қалған  жоқ.  Ярвиненнің  əрбір  сөзінде 

халықтың талап – тілегі жатыр. Оның сөдерінен халықтың: «Біздің 

жанымызға  келіп,  бізге  жол  көрсетіңдер!»  -  деген  жанайқайын 

естуге болады!»

        Ертесіне  барлық  фин  баспасөздері  осы  жиын  жайлы  жарыса 

жазды.  Ярвиненнің  де  сөйлеген  сөзі  сол  қалпында  газеттерге 

жарияланды.

        Ярвиненнің  бұл  баяндамасы  Финляндияда  халық  тарапынан 

ерекше  ілтипатқа  ие  болып,  біраз  уақыт  талқыланып,  халықтың 

сауатын  ашып,  көкірек  көздерін  оятуға  құлшына  кіріскен 

еріктілердің саны да арта түсті.

        Қаланың  бай  саудагерлері  болса,  Халық  университеті  үшін 

ғимараттар  сыйға  тартып,  жаңадан  бой  көтеретін  сəулет  құрылыс 

нысандарына қомақты қаражат бөлді.

        Көптеген  мұғалімдер,  əкімдер,  адвокаттар  мен  дəрігерлер  күн 

сайын  кешкісін  шайханаларда  бас  қосып  карта  мен  домино 

ойнаудан, ішкілік ішуден саналы түрде бас тартып, қолдарына кітап

ала  бастады.  Халықтың  көзін  ашу  үшін  алдымен  өздері  білім

көкжиектерін  кеңейтіп  алғанды  жөн  санады.  Осылайша  халықты

жақсылыққа  үндейтін  сауатты  семинар  беруші  азаматтар  жер  –

жерде көбейе бастады.

          Барлық  жиналыстар  мен  сауық  кештерінен,  мейрамханалардан 

түскен  қаражатқа  халыққа  пайдалы  кітаптар  алынып,  ауыл  – 

аймақтарға  таратыла  бастады.  Белгілі  бір  тақырыптардың  тізімі 

жасалып,  осы  тақырыптар  аясында  көркем  шығармаларға  бəйге 

жарияланып,  ең  жақсы  жазылған  шығарманың  авторлары  ерекше 

марапатқа  ие  болды.  Жазушылардың  кітаптарының  баспадан 

шығуына қаржылай демеушілік жасалды. Бұл кітаптардың арасында 




қарапайым  халыққа  көбірек  пайдасы  тиетін  шығармалар  арзан 

бағамен сатылып, халыққа қолжетімді болуы қадағаланды.

    Өмірінің соңғы жылдарында Снелман достарымен əңгіме – дүкен 

құрып отырып:

        «Қазіргі  Финляндия  мен  балалық  шағымның  Финляндиясын 

салыстырсам, көз алдыма мынадай көрініс елестейді:

        Барлық  терезелерін  қымтап,  жауып  тастаған,  иесіз  қалған  үй.

  Мұндай  үйді  көрген  адамның  көңілі  құлазып,  айдалада  қалған

жандай  жетімсіреген  күй  кешеді.  Іші  тастай  қараңғы,  ауасы  тар,

қабырғалары  көгеріп,  дымқылдана  бастаған  бұл  баспанадан  гөрі

мазарды еске түсіреді.

    Енді бір сəтке осы үйдің жанынан бір топ батыл, қайратты жастар

келе  жатқанын  елестетіңіз.  Олардың  барлығы  көңілді.  Жастар  əлгі

үйге  кірісімен,  перделердің  бəрін  алып  тастап,  терезелерді  айқара

ашады.  Сол-ақ  екен,  үйдің  іші  күн  сəулесімен  нұрланып,  таза  ауа

кіріп,  аңқыған  гүлдің  иісі  бөлмелерге  тарайды.  Үйдің  ішіндегі  зат

атаулыға  жан  біткендей.  Ғимараттың  қабырғалары  кеңейіп,

əсемденіп,  жайнап,  жасарып  сала  береді.  Бөгде  адамдар  болса,  көз

алдарында əп-сəтте құлпырып шыға келген үй ғимаратына алыстан

тамсанып, таңдана қарайды.

        Міне,  мысалдағы  үй  сияқты,  рухани  қамауда  қалған  қоғамның 

аудан  орталықтары  мен  ауыл  –  аймақтарында  да  ұмыт  қалған 

қалтарыстарға  оң  өзгертулер  енгізуге  болады.  Тек  ол  үшін  рухтары

ояу  жəне  төл  мəдениетінің  дамуы  үшін  қажыр  –  қайратын,  аямай

еңбектенетін, төзімді, шын мəнінде қаһарман адамдар қажет!» - деді.

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет