Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет29/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Шошқа  бастары  субөнімдер  цехында  мал  сою  және  ұшаны  бөлу 

цехынан  құлақтар мен  тілдерін  алған түседі.  Бастарды  бөлу  барысында  жақ 

ұшада  қалдырады.  Барлық  субөнімдер  сияқты  бастарды  өндірістің 

техникалық  жабдықталуына  сәйкес  жабдықты  (температурасы  65-68  С  су 

түсетін стационарлы  чандар немесе жидіту барабандары)пайдалана отырып 

жидітеді.  Процесс  8  минутқа  дейін  созылады.  Бастарды  қылшықтардан 

центрифугаларда арнайы ұрғыш машиналарда тазартады. Содан соң оларды 

әр  түрлі  конструкциядағы пештерде  немесе  газды  күйдіргіштермен  біркелкі 

үйіту  үшін  айналдыра  отырып  3-5  мин  үйітеді.  Үйіту  пештерінде 

субөнімдердің  біркелкі  үйітілуін  қамтамасыз  ететін  керамикалық  сорғышы 

бар (жанбайтын типті) газды күйдіргіштер қолданылады. 

Бастарды шабады. Ми мен гипофизді жуады. Егер басты шаппаса, онда 

гипофезді  гипоэкстрактор  (жұлын  миы  өзегі  қалыңдығының  астынан  желке 

саңлауына  кіргізілетін  арнайы  қысқыштар)  немесе  Бакинский  ет 

комбинатының  ВНИМП-мен бірлесіп жасаған  қондырғыда  (гипофиз  бен  ми 

бөлігі  қуыс  тескішпен  бөлінеді)ажыратуға  болады.  Бастарды  ілгіштерге 

орналастырады.  Ми  мен  гопофизді  бір  қатарға  қарама-қарсы  (тазиктер) 

қояды. Қылшықтарды бастан жинап алады.  

Жүнді 

субөнімдердің 



барлық 

түрлеріне 

арналған 

ағынды 


механикаландырылған  желілерде  бастарды  өңдеу  қажетті,  сапаны  бермейді 

және  қосымша  қолмен  тазалауды  қажет  етеді.  Бұл  шошқа  басының  күрделі 

бітіміне  (конфигурация),  оның  көлемі  мен  массасының  үлкендігімен 

түсіндіріледі.  Сондықтан  шошқа  бастарын  арнайы  агрегаттарда  немесе 

желіде өңдеу қажет. 

Шошқа  бастарынан  қылшықтарды  ажыратуға  арналған  ФГБ-150 

агрегаты  ыңғайлы.  Жұмыс  басталар  алдында  жидіту  чаны  сумен 

толтырылады және оның температурасын ұстап тұратын автоматты жүйе іске 

қосылады.  Жүргізуші  шошқа  бастарын  қолмен  оларды  жидіту  чанына, 

қылшықтарды қалақпен қырып алуға арналған, үйіту және күйеден біржолата 

тазалауға 

арналған 

құрылғыға 

бағыттайтын 

қадаларға 

кигізеді. 

Қылшықтардан тазарту процесінде сумен шаю барысында қадалар, сонымен 

қатар бастар да айналу қозғалысын алады. Бастарды түсіру аймағында бастар 

массаларының  әсерінен  шынжырлы  конвейердің  қадаларынан  сырғанайды 

және  түсіргіш  бойымен  ми  мен  гипофезден  ажыратуға  арналған  столға 

апаратын баулы конвейерге түседі. Агрегаттық өнімділігі сағатына 150-220; 

бастарды  тасымалдайтын  шыншырлы  конвейердің  қозғалыс  жылдамдығы 

1,27-1,91 м/мин; жидіту ұзақтылығы 5,5-3,5 мин; үйіту ұзақтылығы – 38-25с; 



26 

 

жидіту  чанындағы  су  температурасы  62-68  С,  күйені  кетіру  кезіндегі  су 



температурасы 40 С. 

Ленинград  ғылыми-өндірістік  «Ленмясомалмаш»  бірлестігі  шошқа 

басын  өңдеуге  арналған  Я2-ФУГ  агрегатын  жасап  шығарды.  Шошқа 

бастарын  қозғалмалы  конвейердің  ұстағыштарына  кигізеді  және  біртіндеп 

өңдейді.  Агрегаттық  өнімділігі  сағатына  100  бас.  Біршошқа  басының 

өңдеуінің  толық  циклі  11мин.  Агрегат  ыңғайлы.  Оларды  қолдану  бу 

шығынын,  қызмет  ететін  жұмысшылар  санын  қысқартуға,  еңбек  жағдайын 

жәнеөнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Субөнімдер  цехында  мүізді  кесілген  қой  бастарынан  тілдері  мен 

көздерін алады. Бастарды температурасы 65-68 С су көмегімен центрифугада 

жидітеді  және  тазалайды  (дискінің  айналу  жиілігі  122  мин  :  центрифугаға 

100кг  тиеледі;  ұзақтылығы  5-7  мин).  Гипофиз  бен  миды  шығару  үшін 

бастарды  шабады.  Гипофизді  шығару  үшін  Билиниский  ет  комбинатының 

ВНИИМП-пен  бірлесіп  жасаған  қондырғыны  пайдаланады.  Бастар  спуск 

бойымен шикізаттың жиналуы үшін қабылдағышқа түседі, одан мүйіздерден 

ажыратуға  арналған  машинаға  беріледі  столда  іреу  және  тілдерді  суыру 

жүргізіледі.  Содан  соң  бастар  тасымалдағыштың  төменгі  бауы  бойымен 

лобашейді  бөлуге  атналған  машинаға  береді.  Іркелген  тері  бөлігін  лобашты 

ұстап тұрып бастан суырып алатын айналмалы рифленный бірліктер арасына 

қояды. Бастар тасымалдағыштың жоғары бауы бойымен үздіксіз қоғалыстағы 

жуу барабанына беріледі. Аралық столдан олар бас шабатын машинаға және 

ми мен гипофизді шығаруға арналған столға беріледі. 

Ленинград  ет  комбинатында  жидіту-үйдіту  әдісімен  қой  бастарын 

өңдеу  желісі  (лобашейді  алмай)  жұмыс  істейді.  Бастар  қалақшалы 

тасымалдағышпен жидіту және жүнен тазарту үшін центрифугаға беріледі. 

Содан  соң  оларды  қолмен  жүн  қалдықтарынан  тазалайды  және 

тасымалдағыш  көмегімен  үйіту  пешіне  жібереді.  Үйітілген  бастар 

центрифугаға біржолата жуылуға түседі. Торлы тасымалдағышта жүн судан 

бөлінеді.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет