Шеңбердің доғасын салу
arc (x, у, бұрыш_басы, бұрыш_соңы, радиус);
Бұрыштар градуспен өрнектеледі және сағат тіліне қарсы есептеледі. Бұрыш
мәндері [0..360] интервалынан сәйкес эквивалентті мәндерге түрленеді. Сонымен,
arc (х, у, -45, 45, r) және arc (x, у, 675, -315, r) бірдей шеңбердің төрттен бір бөлігін
салады.
Эллипстің доғасын сызу
ellipse (x, у, бұрыш_басы, бұрыш_соңы, rх, rу);
мұндағы rх, rу – пиксельмен берілген эллипстің жарты осьтері.
6. Тіктөртбұрышты бояуды
bar (xl, yl, х2, у2);
функциясы жүзеге асырады. мұндағы x1, y1 – жоғары сол жақ бұрыш
координаттары; х2, у2 – төменгі оң жақ бұрыш координаттары. Бояу стилі
setfillstyle() функциясымен тағайындалады.
7. Көпбұрыш салу және бояуға
fillpoly (n, указатель на массив целых);
функциясы мүмкіндік береді. Мұндағы n – төбелер саны. Әрбір төбенің
координаттары бүтін типті екі шамамен беріледі. Бұл функция төбелер тізімінің
бірінші нүктесін соңғысымен байланыстырады, тұйықтайды және оны бояйды.
Бояу шаблоны мен түсі setfillstyle() и setfillpattern() функцияларымен берілуі
мүмкін.
8. Контурлы боялған эллипсті мына функция арқылы салуға болады:
fillellipse (х, у, rх, rу);
мұндағы х, у – центр координаттары; rх, rу – пиксельмен берілген эллипстің
жарты осьтері
9. Контурлы боялған шеңбер секторын
pieslice (x, у, бұрыш_басы, бұрыш_соңы, радиус);
функциясы арқылы салуға болады.
10. Контурлы боялған эллипстік секторды
215
sector (х, у, нач_угол, кон_угол, rх, rу);
функциясын пайдаланып салуға болады.
11. Тұйық облысты бояу
floodfill (x, у, граница);
функциясымен жүзеге асырылады. мұндағы х, у – облыс ішіндегі нүкте
координаттары.
Контур түсі шекара параметрінің мәнімен сәйкес болуы керек. Бояу (түсі
мен типі) setflllstyle() функциясымен тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |