Ііі. Есептің программасы


Қажетті материалдар мен жабдықтар



Pdf көрінісі
бет120/150
Дата02.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#452610
түріПрограмма
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   150
Әдістемелік нұсқау

Қажетті материалдар мен жабдықтар:  ДК, С/С++ тілінің IDE ортасы, 
лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. 
Лабораториялық жұмыстың мазмұны және орындалу реті: 
 
1.  С/С ++  тілінде циклдық алгоритмдерді программалауға қатысты әдістемелік 
нұсқау – матриалдарды алдын ала танысып меңгеру. 
2.  Ұсынылған мысалды орындау және талқылау. 
3.  Өзіндік жеке тапсырмалардың оқытушы ұсынған нұсқасын орындау. 
4.  Лабораториялық жұмыстың есебін (отчет) дайындап тапсыру. 
  Әдістемелік нұсқаулар: 
Структура 
Структура  –  бір  атпен  біріктірілген  бір  немесе  бірнеше  әр  түрлі  типті 
айнымалылар  тобы.  Структура  struct  қызметші  сөзімен  құрылады.  Структураның 
жалпы құрылымы төмендегідей: 
struct тег { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
       …     … 
   типN иденN; 
}; 
мұндағы  тег  мәліметтердің  жаңа  типі  болып  саналады  және  оны  айнымалыны 
сипаттауда қолдануға болады. 
Сипатталған структура негізінде айнымалы құру үшін 
struct <тег> <айнымалы> 
С++ тілінде struct қызметші сөзін көрсетпесе де болады: 


225 
 
<тег> <айнымалы> 
Айнымалыны структураны құру кезінде де анықтауға болады: 
struct тег { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
       …     … 
   типN иденN; 
} <айнымалы>; 
Егер  структура  типті  басқа  айнымалылар  құрылмайтын  болса,  структура  тегін 
көрсетпеуге болады. Мұндай структура атаусыз (безымянный) деп аталады: 
struct { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
       …     … 
   типN иденN; 
} <айнымалылар тізімі>; 
 
Структуралар іштестірілген де болуы мүмкін: 
struct тег1 { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
   тип3 иден3; 
}; 
struct тег2 { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
   struct тег1  иден3; 
}; 
Структура элементтерін нүкте операторының көмегімен алуға болады: 
<айнымалы>.<элемент> 
Кейбір  жағдайларда  структураны  функция  денесінде  қолдану  қажеттігі 
туындайды.  Ондай  жағдайда  функция  прототипінде  структураны  функция 
параметрі  ретінде  беру  керек  (С++  тілінде  struct  қызметші  сөзін  көрсету  міндетті 
емес):   
// С және С++ тілдерінде  
<функция типі> <функция аты> (struct <тег> <айнымалы>) 
// Тек қана С++ тілінде  
<функция типі> <функция аты> (<тег> <айнымалы>) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет