Есеп:
Білім деңгейін тексеруге арналған тестілеу программасын құрыңыз. Мұндағы
тест материалдары тексттік файлда мынадай ретпен берілсін:
Алдыңғы жолда тест сұрағы;
келесі бес жолда сол сұрақтың мүмкін болатын жауаптар нұсқасы;
одан кейінгі жолда дұрыс жауабының нөмірі орналастырылады;
келесі сұрақтар осындай ретпен файлға жазылады.
Тестілеу нәтижесін дұрыс жауаптар саны мен сәйкес алған бағасын
жариялау арқылы хабарлау керек.
Есеп қойылымын нақтылау: Белгілеулер енгізейік:
F – файлдық айнымалы;
Kb – варианттар саны, жалпы жағдайда 5-ке тең;
Sur_san – Файлдағы сұрақтар біткенше оқылып анықталатын сұрақтар саны;
Dur_san – қолданушының жауаптарына қарай анықталатын дұрыс жауаптар саны;
Otb - қолданушы енгізетін ағымды жауаптарын меншіктейтін айнымалы;
Dg – файлдан оқылып анықталатын әр сұрақтың ағымды дұрыс жауабы;
Baga – дұрыс жауаптарының саны арқылы анықталатын баға;
P – дұрыс жауаптардың пайыздық мөлшерін меншіктейтін айнымалы;
Gol – сұрақтар мен варианттарын меншіктейтін ағымды жол айымалысы;
Fname – Тест материалдарынан тұратын файл аты енгізілетін айнымалы.
Достарыңызбен бөлісу: |