116
Тақырыптық файлдар атаулары төмендегідей:
assert.h, float.h, math.h, ctype.h,
limits.h, setjmp.h, errno.h, locale.h,
signal.h, stdarg.h, stddef.h, stdio.h,
stdlib.h, string.h, time.h.
Кейбір тақырыптық файлдар мазмұны Стандартты кітапханалар ретінде
жеке қарастырылыды, сәйкес бөлімді қараңыз.
С немесе С++ тілдерінде мәндер төмендегідей базалық типтер бірімен
бейнеленеді. Олар:
1.
char - бірлік байт, қолданылатын литерлер жиынтығындағы бір
литерді меншітей алады.
2.
int – бүтін.
3.
float - 3.4E- 38 және 3.4E+38 аралығындағы нақты сандар.
4.
double – 1.7E-308 –1.7E+308 аралығындағы жылжымалы нүктелі
сандар.
5.
Void типті, ешқандай мән қайтармайтын функцияларды қолданылады.
6.
bool типті айнымалы С++-те true немесе false мәнін қабылдайды.
7.
Санылымды тип.
8.
Көрсеткіштер.
Басқарушы символдар шығарылатын белгілердің экранда орналасуына әсер етеді.
Басқарушы символдардың белгісі ретінде \ беріледі. Төменде олардың тізімі
келтірілген:
\n – жаңа жолға көшіру;
\t – горизонталды табуляция;
\r – курсорды жаңа жолдың басына қайтару;
\a – қоңырау дыбысы;
\b – бір сивол кері қайтару (бір позиция);
\f – жаңа параққа көшу;
\v - вертикалды табуляция.
Формат спецификаторы шығарылатын өлшембірліктің сырт көрінісінің түрін
анықтайды. Кейбір формат спецификаторларын келтірейік:
%c – символ;
%s – жол;
%d – бүтін ондық сан (типі int);
%u – белгісі жоқ бүтін ондық сан (типі unsigned);
%f – бекітілген нүкте түріндегі нақты сандар;
%e – қалқымалы нүкте түріндегі нақты сандар (мантиссамен, ретпен берілген)
Кесте№1.-Есептеулер реті мен приоритеттері кестесі
Достарыңызбен бөлісу: