feоf (FILE * fp) – функциясы файлдың соңын анықтайды.
Файлды жабу үшін:
Int fclose(FILE *fp) функциясы қолданылады, яғни файлдық көрсеткішпен
орнатылған байланысты үзеді.
Файлмен мәлімет алмасу үшін fstream класының объектісі де қолданылады:
Fstream io(“update.dat”, ios::in|ios::app); - бұл жағдайда көрсетілген файл мәліметті
оқуға және жазуға ашылады.
Seekg() файлдан оқу ал, seekp() файлға жазу барысында функциялары файлдың
ағымды позициясының маркерін басқаруға қолданылады.
Мысалы, io.seekg(5, ios::cur) – оқу барысында маркерді ағымды орынынан 5 байтқа жылжыту;
io.seekg(-7, ios::end); - маркерді соңынан бастап 7 байтқа жылжыту
керектігін білдіреді.
Аргументтер:
Io::cur – ағымды орынынан; Io::beg – файл басынан; Io::end - файл соңынан жылжытылатынын білдіреді.
Файлдық лектің күйін анықтау функциялары: Функция Түсініктеме eof()
Файл соңын кездестірсе, 0-дік емес мән қайтарады
fail()
Лекте қате кездессе 0- ден өзге мән қайтарады
bad()
Енгізу-шығару барысында мағыналы қате кетсе, нөлден өзге
мән қайтарады, онда лекпен жұмыс тоқтатылғаны дұрыс. Лек
күйінің биттік мәндері анықталмаса, 0-ге тең емес мән береді.
rdstate()
Мына тұрақтылардың бірін, яғнм лектің ағымды күйін
анықтайтын мәнді қайтарады:
154
Ios::goodbit - қате жоқ
Ios::eofbit – файл соңына жетті
Ios::failbit – форматтау немесе түрлендіру қатесі
Ios::badbit - маңызды қате
clear()
0-ге тең болса тазарту