169
тің өз енгізу-шығару құрылғылары бар. Ол кластар кітапханасы және программаға
iostream.h файлының көмегімен қосылады. Бұл кітапханада оъектілер ретінде
келесі есімді стандартты символдық ағымдар анықталған:
cin – клавиатурадан енгізу стандартты ағымы;
cout – экранға шығару стандартты ағымы.
Мәліметтердің енгізілуі cin ағымынан шығарылуы және сәйкес айнымалыларға
мәндердің меншіктелуі деп интерпретацияланады. Си++ стандартты ағымнан
шығару операциясы ретінде >> белгісі анықталған. Мысалы, x айнымалысына
мән енгізу операторы мына түрде беріледі:
cin>>x;
Мәліметтердің экранға шығарылуы шығарылатын мәндерді cout стандарт
ағымына орналастыру ретінде интерпретацияланады. Ағымға орналастыру белгісі
<<. Ағымдық шығаруды пайдаланудың үлгілері:
cout<
cout<<"\nНәтиже="<
cout<<"x="<
Келтірілген мысалдан printf() функциясындағыдай басқару символдарын
пайдалануға болатыны және әр шығару элементінің алдында << операция белгісін
қою қажеттілігі көрінеді. endl шығару элементі курсорды жаңа жолға көшіруді
білдіретін манипулятор болып табылады (\n аналогі).
Достарыңызбен бөлісу: