Әдістемелік нұсқау:
If инструкциясы
If инструкциясы, программаның орындалуы барысында екі бағыттың бірін
тандауға арналған.
Инструкция тізбегін таңдау, if операторынан кейін жақшаның ішіне
жазылған шарттың мәнінен тәуелді.
Егер шарт жалған болса, онда else қызметші сөзінен кейін орналасқан
оператор орындалады.
Егер шарт орындалу немесе орындалмау кезінде бірнеше операторлар
орындалатын болса, оларды фигуралық жақшаға алу керек.
Switch инструкциясы.
Switch инструкциясы программаның орындалу кезінде бірнеше мүмкін
болатын бағыттардың біреуін тандауға арналған.
Тандалатын инструкция тізбегі, селектор-айнымалының мәні, case сөзінен
кейін орналасқан тұрақтыға теңдігіне байланысты.
Егер селектор-айнымалының мәні case инструкциясынан кейін жазылған
бірде бір тұрақтыға тең болмаса, онда default сөзінен кейін тұрған
инструкциялар орындалады.
Селектор-айнымалы ретінде бүтін (int) және символдық (char) типті
айнымалыларды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |