Әдістемелік нұсқау:
Мысалы:
а) Есептің берілуі: Аптаның жеті күніндегі таңғы, түскі және кешкі уақыттағы
температура мәні берілген. Аптаның ең жылы күнінің температура көрсеткішін
табыңыз.
ә) Есептің математикалық моделі: Бұл есепті шығару барысында екі өлшемді
массивті қолданамыз, яғни apta[n][m] өлшемді массив аламыз. Массив жолы
ретінде апта күндерін, ал бағаны ретінде уақыт мезгілдерін (таңғы, түскі және
кешкі) аламыз. Аптаның әрбір күні apta[n][m] массивінің бағандарына сәйкес
келетіндіктен, аптаның әрбір күніндегі температураның орташа мәнін s[n]
өлшемді массивке меншіктеп, осы массивтің ең үлкен мәнін, яғни аптаның ең
жылы күнінің температура көрсеткішін баспаға шығарамыз. Программаның
мүмкін мәндері төменде көрсетілген:
apta[n][m] 18 20 19 20 21 18 17
20 21 20 22 23 20 19
17 19 18 20 21 17 16
s[n] 18,3 20 19 20,7 21,7 18,3 17,3
Аптаның ең жылы күнінің температура көрсеткіші- 21.7градус
Достарыңызбен бөлісу: |