Ақша туралы түсініктер
Ақшаның уайымы да адамға бала күннен қалған әсерлерден болады. Қаржылық
жағдайы жақсы әке ылғи да ақшасы азайып қала ма деп уайымдап отырғанын көрген
балада сол әсер қалып қояды.
Ақшаның бірде аз, бірде жетерлік болуы қалыпты нәрсе. Егер біз Ішкі
Күштерімізге сенсек, онда қиын кездер тез өтіп кетеді. Біз болашақта бізде бәрі де,
оның ішінде ақшаның молдығы да болатынына сенуіміз керек.
Ақша адамның барлық мәселесін шешіп бере алмайды. Көп ақша болса өмірді
ертегідей етіп өткізуге болады деп сенетіндер бар. Бірақ, бәрібір ақша ешқашанда –
бақытқа алып барар жол емес.
Достарыңызбен бөлісу: |