Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет48/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
2 5429156790371615512

Артық  салмақ  –  қорғанысқа  қажеттіліктен  басқа  ештеңе  емес.  Біз  аурудан, 

сыннан,  сексуальдылықтан,  қорлаудан  қорғануды  іздейміз.  Үлкен  таңдау,  солай  емес 

пе? Мен  ешқашан семіз болған емеспін, бірақ менің  өз тәжірибемнен көзім жеткені - 

мен  өзімді  батылсыз  немесе  әлсіз  сезінген  кезде  мен  автоматты  түрде  бірнеше 

килограммға  семіре  бастаймын.  Қауіп    сейілген  кезде,  ауыр  салмақ  та  жоғалады. 

Әлеммен  күрес  -  күш-қуат  пен  уақытты  босқа  шығындау.  Сіз  қалай  қарсыласуды 

тоқтатасыз, солай сіздің  салмағыңыз қалыпқа түседі. Өзіңе, өмір процесінің өзіне сену, 

жаман ойлардан аулақ болу – міне  арықтаудың әдісі.  

Менің  ойымша  әртүрлі    негіздегі  ауру  –  кінәлі  сезінудің    айғағы.    Ал  кінә 

әрқашанда  жазалауды  іздейді,  ал  жазалау  өз  кезегінде  ауруды  тудырады.  Созылмалы 

ауру  кейде  біздің  өзіміз  де  білмейтін  өзімізде  терең    көмілген  созылмалы  кінәлі 

сезінуден  пайда  болады.  Кінә  -  пайдасыз  сезім.  Бұл  сезім  ешкімге  ешқашан 

көмектеспейді,  ол  жағдайды  өзгертуге    дәрменсіз.  Сондықтан  да  өзіңді  абақтыдан 

босат. 


Операция (кез келген). Хирургтың араласуы, мысалы, қол-аяқ  жарақаты болған 

кезде  адам  жазылуға  көңіл  аудару  үшін  және  соның    енді  қайталанбауын  болдырмау 

үшін  қажет.  Бүгінде  медицина  саласында    адамдарға  көмектесуге  өздерін  толығымен 

арнаған  дәрігерлер  өте  көп.  Дәрігерлер  холестикалық  тәсілдерді  көбірек  пайдалана 

отырып емдеу жасай бастады. Сонда біздің дәрігерлердің көбісі аурудың себебін білгісі 

келмейді, оның белгісі мен салдарын ғана емдейді. Олар бұны екі жолмен  істейді: не 

дәрімен  улайды,  не  кеседі.  Хирургтар  кеседі,  егер  сіз  хирургқа  барсаңыз,  ол  әрине, 

операция  жасауды  ұсынады.  Егер  сізде  басқа  таңдау    болмаса,  онда  жылдам  және 

ешқандай  кедергісіз  жазылуға  даярланыңыз.  Операциядан  өзіңіз  жақсы  көретін 

музыканы үнемі тыңдаңыз және өзіңізге  үнемі: “Мен тез жазыламын.  Мен  күн санап 

өзімді жақсы сезінудемін” деп айтыңыз. 

Ісіктер – жалған без. Устрица өзін қорғау үшін құртымдай ғана құмды алады да, 

оның  сыртын қатты да жалтырақ қабықпен қаптайды. Біз оны інжу моншақ деп  атап, 

оның көркіне таң қаламыз. Біз сол устрица сияқтымыз, ескі реніштерді сақтап, ол ісікке 

айналғанға дейін оны тастамаймыз. Мен бұны “ескі таспаны айналдыру” деп атаймын, 

әйелдердің  жатырындағы,  аналық  бездеріндегі  ісіктер  олардың  әйелдік  нәзіктіктеріне 

тиген соққының нәтижесінен алған эмоционалды  ауырлық болып табылатынына және 

ісік  пайда  болғанға  дейін  олардың  бойында  тұратынына  мен  тәнтімін  …Егер  сіздің 

біреумен  арадағы  қарым-қатынасыңыз  тұралап  қалса,  бұл  сізде  барлық  нәрсенің    өз 

орнында    екенін  білдірмейді,  және бұл  шындығында  біздің  құнымыздың  қаншалықты  

екенін көрсетпейді. Мәселе, өмірде біздің басымыздан не өтетінінде емес, мәселе соған 

біздің  қаншалықты  көңіл  бөлетінімізде.  Біздің  барлығымыз  да  өз  басымыздан  өтетін 

нәрселер үшін 100 пайыздық жауапкершілікті арқалаудамыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет