Біз кішкентай кезімізде де өмір туралы түсінікті үлкендерден аламыз
Егер сізге аса бақытты болмаған, жексұрын немесе өздерін кінәлі сезінген
адамдармен өмір сүруге тура келген болса, онда сіз қоршаған орта мен өзіңізді
керісінше қабылдауды үйренгенсіз. «Мен ешқашан ештеңені дұрыс жасамаймын», «Бұл
менің кінәм», «Егер мен ашулансам, онда менің жаман адам болғаным» - міне, сіздің
кейбір ойларыңыз. Өмірді түңілулерден тұратын осындай ойлар құрайды.
Біз өскен кезде балалық шақтағы көңіл-күй ортасын жаңғырту бейімділігі
болады
Бұл жаман да емес, жақсы да емес, дұрыс та емес, біз тек «үйдегідей» сөзінің
нені білдіретінін білеміз. Біздер жеке қарым-қатынасымызда әкемізбен немесе
шешемізбен қалыптасқан қарым-қатынастарды жаңғыртамыз. Сіздің әкеңізді немесе
шешеңізді дәл еске түсірерліктей нақсүйеріңіз немесе бастығыңыз болғаны туралы
ойлаңыз. Бізге ата-анамыз қалай қарым-қатынас жасаса, біз өзімізге солай қарым-
қатынас жасаймыз. Бізді ата-анамыз қалай сөгіп, қалай жазаласа, біз өзімізді солай
сөгіп, солай жазалаймыз. Олардың осындай жағдайда қолданған сөздерін біздер естиміз
де. Егер бізді сәби кезімізде сүйсе, есейген кезде біз де өзімізді дәл солай сүйеміз.
«Сен ешқашан ештеңені дұрыс жасай алмайсың». «Сен кінәлісің». Сіз өзіңізге
осылай қаншалықты жиі айтасыз?
«Сен кереметсің». «Мен сені сүйем». Ал осындай сөздерді сіз өзіңізге
қаншалықты жиі айтасыз?
Достарыңызбен бөлісу: |