Луиза Хей Көгілдір кітап


сондықтан  қандай  мағына  беретінімізді  біз,  тек  қана  біз  таңдауымыз  керек



Pdf көрінісі
бет60/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115
2 5429156790371615512

сондықтан  қандай  мағына  беретінімізді  біз,  тек  қана  біз  таңдауымыз  керек. 

Өзімізді    өзіміз  сезінуіміздің  бір  бөлігі  өзгелердің  пікірінен  арылу  болып  табылады. 




 

26 


Егер  мен  сізге  ұдайы  «ақшыл  көк  шошқа»  десем,  сіз  маған  күлер  едіңіз  немесе  мені 

ақымақ  санар  едіңіз.  Сіз  оған  ешуақытта  сенбеген  болар  едіңіз.  Біздің  өзімізге 

айтатындарымыздың  да  көбісі  осы  секілді  шындыққа  жанасымсыз.  Егер  біз  өзіміздің 

бағамыз  бойымыздың  ұзындығына  байланысты  дегенге    сенер  болсақ,  онда  біз  бос 

далбасаға  сенген  боламыз.    Біз  өз  кемшілігіміз  деп  жиі  ойлайтын  нәрсеміз,  мүмкін 

біздің  жеке  қабілетіміздің  көрінісі  шығар.  Біздің  ерекше  қасиетіміздің  өзі  осы  болар. 

Жаратылыс  өзін    ешуақытта  қайталамайды.  Табиғат  жаратылғалы  бері  бір  біріне 

ұқсаған қар ұшқыны немесе жаңбыр тамшысы болған емес. Әрбір түймедақ бір-біріне 

ұқсамайды. Біздің саусақтарымыздың ізі де біз секілді әртүрлі. Табиғат солай жаратқан. 

Егер  сіз  осы  ойды  қабылдай  алсаңыз,  онда  сіз  өзіңізді  өзгелермен  ұдайы  салыстыра 

бермейтін  боласыз.  Біреуге  ұқсас  болуға  тырысу  -  өз  жаныңызды  бағаламау.  Біз  бұл 

планетаға  келгенде  өзімізді  көрсете  білу  үшін  келгенбіз.  Мен  де  өзімнің  рухани 

ізденістерімді бастағанша өзімнің кім екенімді білмегенмін. 

Демек,  бізді  бақытсыз  ететін  ойларды  қуып  шығуымыз  керек,  бізге  ұнаған 

істермен  айналысайық,  бірге  жүргенде  өзімізді  жақсы  сезінетін  адамдармен  бір 

жүрейік.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет