Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет72/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115
2 5429156790371615512

Менің кеңістікке құқым бар. Өмір сүруге құқым бар. Еркін, кеудемді толтырып 

өмірмен  тыныс  аламын.  Мені  қоршаған  орта  тіптен  де  қауіпсіз.  Мен  еркін  тыныс 

алуға  мүмкіндік  беретін  Күшке  сенемін.  Мен  қанша  уақыт  өмір  сүргім  келсе,  менің 

тынысым  соншама  уақытқа  жетеді.  Мендегі  өмірлік  күштің  қоры  мен  қанша  өмір 

сүргім келсе соған жетеді. Мен қазір, мені сақтай алатын ойларды таңдаймын. Мен 

өзімнің тамаша өкпемді сүйемін және бағалаймын! 

 

Маған менің тынысым ұнайды 



Мен  өз  тынысымды  қымбат  көремін.  Ол  менің  байлығым  және  өмір  сүрудің 

көзі.  Мен  өз  өмірім  толық  қауіпсіздікте  екенін  білемін.  Мен  өмірді  сүйемін.  Мен 

кеудемнен  толық  тыныс  алып  өмірді  ішіме  аламын.  Менің  тынысым  кіргенде  және 

шыққанда  үндестікте.  Мен,  тынысым  жеңіл  және  ұнамды  болатындай  ойларды 

таңдаймын.  Менің  қатысуым  адамдарға  қуаныш  әкеледі.  Мен  жүзіп  келемін  –  мені 

өмір  тынысы  тартып  барады.  Мен  өзімнің  тамаша  тынысымды  сүйемін  және 

бағалаймын! 

 

Маған менің ағзаларым ұнайды 



Ағзалар  -  өзіңді  көрсете  білудің  бастауы.  Менің  өзімді  көрсетуім  –  ол  менің 

өмірге деген қатынасымның түрі. Мен – ерекше тұлғамын. Мен өзімнің даралығымды 

бағалаймын.  Менің  өмірімде  кездескен  барлық  жақсылықтың  бәрі  алдымен  менің 

жанымда  пайда  болады.  Менің  қайталанбайтындығым  мен  таңдаған  ойлардан 

басталады. Рухани беріктік пен күш менде мықты және теңестірілген. Мен қуатты 

және жеңіл қимылдайтын адаммын. Мен өзімнің тамаша ағзаларымды сүйемін және 

бағалаймын! 

 

Маған менің жүрегім ұнайды 



Менің  жүрегім  бүкіл  бойыма,  оның  жасушаларына  қуат  беру  арқылы  қуаныш 

әкеледі.  Қазір  менде  жаңа  қуанышты  ойлар  еркін  айналып  жүр.  Мен  өмірдің 

қуанышын  сезінемін  және  көрсетемін.  Мен,  осы  сәттің  мәңгі  шат  ойларын 

таңдаймын.  Менен  барлық  жаққа  махаббат  лебі  еседі,  және  менің  бар  өмірім 

шаттықтан  тұрады.  Мен  жүрегіммен  сүйемін.  Мен  өзімнің  тамаша  жүрегімді 

сүйемін және бағалаймын! 

 

Маған менің қаным ұнайды 



Менің  бойымдағы  қаным  –  тап-таза  қуаныш.  Өмірдің  осы  қуанышы  бойымда 

еркін ағып жатыр. Мен бақытты және шат-шадыман өмір сүрудемін. Менің өмірім  

бай,  толыққанды  және  қуанышты.  Мен  өзімнің  тамаша  қанымды  сүйемін  және 

бағалаймын! 

 

Маған менің жүйкем ұнайды 




 

39 


Менде  тамаша  жүйке  жүйесі  бар.  Жүйкем  менің  өмірмен    байланысымды 

толық  көлемде  қамтамасыз  етеді.  Мен  өзімді  қауіпсіз  жағдайда  сезінемін.  Мен 

жүйкелеріме бейбіт босаңсуға рұқсат беремін. Жаныма тыныштық беретін ойларды 

таңдаймын. Мен өзімнің тамаша жүйкемді сүйемін және бағалаймын! 

 

Маған менің асқазаным ұнайды 



Мен  өмір  тәжірибесін  рахаттана  қорытамын.  Өмір  бәрін  менің  пайдама 

шешеді. Мен өмірдің әрбір жаңа сәтін жеңіл сіңіре аламын. Менің әлемімде барлығы 

жақсы  бара  жатыр.  Мен  өзімнің  бар  екенімді  мадақтайтын  ойларды  таңдаймын. 

Өмір маған керек нәрсемен мені қоректендіретініне мен сенемін. Мен өзімнің бағамды 

білемін. Маған ұқсаған адам онсыз да жақсы. Мен - Өмірдің Тамаша Киелі Көрінісімін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет