1-бөлім. Сана жетілгенде
Біз санамызды жетілдіре бастасақ және сенімімізді орнықтырсақ, онда махаббат
біздің жүрегімізден өзі-ақ еркін ағылады.
Біз тырысып қалсақ, жүректің қақпағы жабылып қалады.
Күш - өз ішімізде
Біздің ішкі күшпен байланысымыз қаншалықты мықты болса, біз өміріміздің
барлық салаларында еркінірек бола береміз.
Сіз кімсіз? Сіз неге осы жердесіз? Сіз өміріңізде неге сенесіз?
Адамдар мыңдаған жылдардан бері осы сұрақтарға жауап іздеп жүр және бұл
ізденісте олар ылғи да өз ішіне үңілуде. ІШКЕ ЖЫЛЖУ дегеніміз не?
Ішкі күш біздің әрбірімізді махаббат пен тап-таза денсаулыққа, таза қарым-
қатынасқа, таза күйіндегі карьерадағы өсуге жетуге алып баратынына мен сенемін. Ол
біздің әрбірімізді жарқырап өрлеуге үйрете алады. Келесі қадам – қолайсыз жағдайлар
туғызатын тұрмыс үлгісінен босанып шығу. Бұлай ету өте қарапайым: біз өз ішімізге
үңілеміз де ішкі күштің қақпасын қағамыз. Ол біз үшін қайсысы дұрыс екенін біледі.
Егер бізде өз өмірімізді бізді сүйетін және қолдайтын ішкі күшпен бір қатарға қою
тілегі болса, осы жеткілікті. Біз махаббат пен ілгері өрлеуді өз өмірімізге кіргізе
аламыз.
Біздің санамыз Бірыңғай Таусылмас Санамен барлық уақытта байланыс жасап
тұратынына мен сенемін. Демек, барлық білім мен барлық ақылды біз кез-келген
уақытта ала аламыз. Біз Таусылмас Санамен, Кеңістік күшімен байланыстымыз. Ол
бізге ішкі саңылау арқылы, біздің Жоғарғы «меніміз» және Біздегі Ішкі Күш арқылы
өмір береді. Кеңістік Күші өзінің барлық жасағандарын сүйеді. Бұл күштің негізінде
ізгі, жарқын бастау бар және ол біздің өміріміздегінің барлығына басшылық жасайды.
Ол жек көруді, алдауды және жазалауды білмейді. Ол – таза махаббат, бостандық,
түсіністік пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Өз өмірінде әркім Жоғарғы “Меніне”
назар аударуы маңызды. Нақ осының нәтижесінде біз өмірдің шын рахатын танимыз.
Бұл күшті әртүрлі пайдалануға болатынын біз түсінуіміз керек. Егер біз өткенмен өмір
сүруді таңдасақ және біз үшін қолайлы болмаған жағдайлар мен тиімсіз істерге қайта-
қайта орала берсек, онда біз орнымыздан ілгері жылжи алмаймыз. Бірақ біз өткеннің
құрбаны болудан саналы түрде бас тартып, өз өмірімізді жаңадан құруды бастасақ,
онда Ішкі Күш біздің жағымызға шығады. Біз, өмір шын мәнінде тамаша болуы мүмкін
екенін біле бастаймыз: Мен екі түрлі күштің болуына сенбеймін. Мен, РУХАНИ
БАСТАУ - БІРЛІКТЕ деп ойлаймын. “Ол – сайтан” немесе “Олардан тамұқ лебі есіп
тұр” дей салу оңай. Шындығында барлығы біздің өзімізге байланысты. Я, біз, тәжірибе
жинақтай және ақыл толыса келе бұл күшті пайдаланамыз, я онымен басқаша
44
айналысамыз. Сайтан шынымен біздің жүрегімізде ме? Ондай болса басқаларды сынап-
мінеудің керегі не? Олар бізден қай жағынан ерекшеленеді? Сонда біз нені таңдаймыз?
Достарыңызбен бөлісу: |