10.2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері
Оқу процесіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан
қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың
бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік,
тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай
жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін
игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл
жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала
қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді
түрлері мен формаларын таңдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |