«қабырға да көмектесіп» дегендей сергек те сенімді алға ілгерілеу
болады. Жұмыс орнының барша қолайлылықтары алдын ала
ойластырылып, үйлесімді əрекеттер мен бірдің екіншіге болған
қамқорлығы сезілсе, мұның бəрі қызмет бабындағы адамға ұнамды
əсер етпей қоймайды.
5. Қателіктерінен үздіксіз кері əсерге ұшыраған бала өзіне, өз күш-
қуаты мен мүмкіндіктеріне сенуден қалады. Тəжірибелі педагогтар
ғұлама Гомерден қалған «Мадақ бар жерде-Жаратқан мен сəби жүреді»
қанатты ойды ұстанып, балаға деген жылы, қолдау лебізін бір де
аямайды, болашақта қолға кіретін жетістіктері үшін де алдын ала
мақтауға жомарт келеді. Олар баланың жақсы қылығын күні бұрын
жобалап, оның нəтижелі боларына баланы сендіреді, өз шəкірттерін
қызметтес жолдасына айналдырып, қателескен жерінде қол ұшын
береді.
Достарыңызбен бөлісу: