Литература и средства обучения 1 Основная литература



Pdf көрінісі
бет48/71
Дата02.01.2022
өлшемі327.26 Kb.
#453173
түріЛитература
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
ПРОПЕДЕВТИКА ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ И СЕСТРИНСКОЕ ДЕЛО В ТЕРАПИИ

№ 5 практикалық сабақ

Оқытушымен  бірге  білім  алушы  бауыр,  өтқалта  мен  ұйқыбездің  ауруларымен 

сырқаттанатын  науқастарды  төсек  орнында  жалпы  қарап  тексеру,  пальпация,  пер-

куссия, аускультация жүргізу. Науқастың шағымдарын жəне оның обьективті қарап 

тексеру  мəліметтерін  бағалау.  Гастроэнтерология  бөлімшесінің  жұмысына  қатысу. 

Науқастарды əртүрлі зертханалық жəне аспаптық тексерулерге дайындау.



3.9 тақырып Зəр шығару жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды 

тексеру əдістері

Сұрастыру. Бүйрек тұсының ауырсынуы. Даму механизмі. Сипаттамасы, үдемелігі, 

ұзақтығы,  берілуі.  Ісіну.  Ісінудің  даму  механизмі.  Бүйрек  ісігінің  қан  айналым 

жүйесімен ауыратын науқастардың ісігінен айырмашылығы.Зəр шығару қызметінің 

бұзылуы. Дизурия, олигурия, полиурия, никтурия, поллакиурия.

Бастың  ауыруы.  Ентікпе,  оның  даму  механизмі.  Диспепсиялық  көріністер. 

Қансырау (қан кету), терінің қышуы.

Қарап  тексеру.  Бүйрек  ауруларымен  сырқаттанатын  науқастардың  келбеті.  Бел 

аймағының ісінуі жəне қызаруы. Ісіктің таралу ерекшеліктері, оның басқа аурулар 

кезінде туындайтын ісіктерден айырмашылығы. Терідегі қасыну іздері жəне мочеви-

на кристаллдары.

Пальпация. Науқасты жатқызып жəне тұрғызып бүйректі пальпация жасау əдісі. 

Бүйректің төмен түсуі, ығысуы, үлкеюі жəне ауырсынуы.

Перкуссия.  Пастернацкий  симптомын  анықтау.  Бүйрек  тұсын  жаймен  соққылау 

əдісі  жəне  оның  диагностикалық  мəні.  Қуықтың  жоғарғы  шекарасын  анықтауда 

перкуссияның мəні.

Бүйрек пен несеп жолдарын зерттеудің қосымша əдістері.

Зəрдің  жалпы  анализі.  Зəрдің  салыстырмалы  тығыздығы,  реакциясы,  мөлдірлігі. 

Протеинурия, глюкозурия, билирубинурия, уробилинурия, ацетонурия. Зəр тұнбасын 

микроскопиялық түрде зерттеу жəне оның диагностикалық мəні. Реберг, Нечипорен-

ко  жəне  Аддис-Каковский  сынамалары.  Зəрді  Зимницкий  бойынша  зерттеу.  Гипо-

стенурия, изостенурия, никтурия. Мочевинаны, креатининді, қалдық азотты қанның 

сарысуында анықтау, олардың диагностикалық мəні.



22

Бүйректі  зерттеудің  рентгенологиялық  əдісі.  Веналық  жəне  ретроградты  пиело-

графия.  Нефроангиография.  Қуық  пен  несепағардың  цитоскопиясы  жəнет  оларды 

катетерлеу. Хромоцитоскопия. Бүйректерді сканерлеу. Радиоизотопты нефрография. 

Бүйрек биопсиясы. Бүйректі ультрадыбыспен зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет