Литература и средства обучения 1 Основная литература



Pdf көрінісі
бет7/71
Дата02.01.2022
өлшемі327.26 Kb.
#453173
түріЛитература
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71
ПРОПЕДЕВТИКА ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ И СЕСТРИНСКОЕ ДЕЛО В ТЕРАПИИ

1 Түсіндірме жазба

Осы үлгілік оқу бағдарламасы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан-

дартына  сəйкес  (бұдан  əрі - МЖМБС) 0302000 – «Мейірбике  ісі»  мамандығының 

0302033 – «Жалпы  практика  мейірбикесі», 0302043 – «Мамандандырылған  мейір-

бике» біліктілігіне арналып жасалған.

Пəннің  міндеті - науқасты  тексерудің  негізгі  əдістерін  үйрету,  білім  алушылар-

да  маңызды  кəсіптік  машықтарды  жəне  клиникалық  ойлау  негізін  қалыптастыру, 

негізгі  ішкі  аурулар  туралы  білім  беру,  алған  білімі  мен  машықтарын  клиникалық 

диагноз  қоюда  жəне  оны  нақтылауда  қолдану,  тиімді  емді  тағайындау,  талқылаған 

нозологиялық аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру мен дəрігерге дейінгі 

жедел көмек көрсетуді үйрету.

0302000 – «Мейірбике  ісі»  мамандығының 0302033 – «Жалпы  практика  мейір-

бикесі», 0302043 – «Мамандандырылған  мейірбике»  біліктілігіне  бөлінген  жалпы 

сағат саны 180, оның ішінде:

- теориялық сабақтарға – 60 сағ.;

- практикалық сабақтарға – 120 сағ.

«Ішкі  аурулар  пропедевтикасы  мен  терапиядағы  мейірбике  ісі»  пəні  бойынша 

үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі фор-

малары ұсынылады: дəрістер, практикалық сабақтар, бақылау жұмыстары жəне т.б.

Оқытылатын пəн келесі пəндерді білуге негізделеді: анатомия, физиология, фарма-

кология, мейірбике ісі негіздері.

Пəн  оқытуда  келесі  пəндермен  интеграция  жүргізу  ұсынылады:  микробиология, 

патологиялық анатомия, патологиялық физиология.

Білім  беру  ұйымы  оқу  жұмыс  бағдарламасын  «Ішкі  аурулар  пропедевтикасы 

мен терапиядағы мейірбике ісі» пəні бойынша жасалған үлгілік оқу бағдарламасы 

негізінде əзірлейді.

Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырғанда білім беру мекемесі:

-   үлгілік  оқу  жоспарында  циклге  бөлінген  оқу  уақытының  жалпы  көлемін 

өзгертпей,  пəн  бойынша 15-25%-ға  өзгертуге («Орта  білім  беру.  Техникалық  жəне 

кəсіптік білім беру. Негізгі қағидалар» ҚР МЖМБС 04.05.2008 ж.) құқылы.

-  бөлінген оқу уақытының пəнге берілген көлемін (бюджеттік жалпы сағат

мөлшерінде) бөлім мен тақырыптарға бөлу;

-  бағдарламада қарастырылған материалға оқыту реттілігіне қажетті

өзгерістер енгізу;

-   мазмұны ұқсас жеке практикалық сабақтарды бір-бірімен ауыстыру.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі қарастырылатын тақырыптарды, бөлімдерді 

тереңдетуге жəне (немесе) кеңейтуге қарай, соның ішінде жұмыс берушілердің та-

лаптары  мен  жергілікті  жағдайларды  есепке  алатын  аймақтық  компоненті  енгізу 

есебінен өзгертілуі мүмкін.

«Терапиядағы мейірбике ісі» бойынша бағдарлама «Ішкі аурулар пропедевтикасы» 

пəнінің логикалық жалғасы болып табылады.

Организмнің анатомия-физиологиялық ерекшеліктерін, сау жəне ауру адамды тек-

55



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет