микропипетка көмегімен алынды. Әдістің сызба-нұсқасы 2-суретте келтірілген.
27
Сурет 2 – Цианобактериялардың альгологиялық таза дақылдарын алу
сызбанұсқасы.
Белгілеулер: 1) BG-11 және BG
0
-11 қоректік орталарын әзірлеу; 2) 15 мл-лік
пробиркаларға құю; 3)
автоклавта залалсыздандыру; 4)
цианобактериялардың жинақы дақылынан 3 пробиркаға апталық үзіліспен
егу;
5) соңғы үшінші пробирканы дақылдау; 6) қатты қоректік ортаға штрих
әдісімен егу; 7) қатты қоректік ортадан қайтадан сұйық
қоректік ортаға көшіру;
8) алынған цианобактериялық түрді
сақтау.
2-суреттегі 6-шы этапта көрсетілгендей дақылданған түрден 1 мл суспензия
15 мл-лік жаңа қоректік ортаға көшірілді. Зерттелінетін дақылдың біраз
биомассасын аралас дақылдан микробиологиялық тұзақтың көмегімен жүргізіліп,
қоректік ортасы бар жаңа Петри табақшасындағы агар бетіне штрих жүргізу
арқылы қайта дақылданды, кейін қалыпты жағдайда климатостатқа көшірілді.
Келесі қайта дақылдау жұмыстары штрихтап егуден өскен жеке колониялардан
алынып жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: