Семинардың мақсаты: Телехабардың сөйлеу тілін және телевизия журналистерінің шеберлігін талдау, пікір алмасу


Диктор сөзі «Хабар» телеарнасының қорытынды жаңалықтары



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата02.01.2022
өлшемі388.78 Kb.
#453294
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-Семинар. Телехабардың сөйлеу тілі

 

Диктор сөзі «Хабар» телеарнасының қорытынды жаңалықтары 

бойынша 

 Телехабарлар  өзіндік  түр,  мазмұн,  мақсаты  мен  берілу  формасына  қарай 

ерекшеленіп, әртүрлі  жанрда жүзеге  асырылады. Ғалым И.Петру  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  туындыларын  олардың  «адресатқа  әсер  ету  мақсатына, 

ақиқат  өмірді  кең  түрде  ашуына,  талдау  тереңдігіне,  жалпылауына, 

мәнерлілік-бейнелілік  құралдардың  қолданылуына  байланысты  ақпараттық, 

аналитикалық және көркем-публицистикалық жанрларға» бөледі.  

Барлық жанрдағы телехабарлар негізгі және көмекші қызмет атқарады. 

Ғалым 


 Н.Уәли 

бұқаралық 

 ақпарат 

 құралдарының 

 «визуалды», 

«аудиалды»     және  «аудиовизуалды»  түрлерін  ерекшелеп,  олардың 

барлығына ортақ мынадай негізгі 5 қызметті бөліп көрсетеді. 



 

белгілі бір факт, уақиға, мәселе жөнінде жұртшылыққа ақпарат беру



 

факт, уақиға жөнінде түсінік, баға беру; 



 

танымдық,  тәрбиелік,  ағартушылық  мазмұнда  ақпарат  бере  отырып, 



жұртшылықтың білім қорын молайтуға ықпал жасау

 



жұртшылықтың қоғамдық, әлеуметтік саяси көзқарасына әсер ету

 



геоденистік  ақпарат  беру,  яғни  жұртшылықтың  көңіл-күйін 

көтеретіндей ақпарат беру. 

Ал  зерттеуші  Б.Момынова  «Газет  лексикасы  (жүйесі  мен құрылымы)»  атты 

ғылыми  еңбегінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  үш  түріне:  оқылатын 

(визуалды),  тыңдалатын  (аудиалды)  және  әрі  тыңдауға,  әрі  көруге  болатын 

(аудиовизуалды) тоқталып, олардың ортақ қызметтерін көрсетеді: 

 

ақпараттық; 



 

ақпаратты жеткізудегі комментарийлық-бағалауыштық; 



 

ақпараттың ағартушылық-танымдық; 



 

ақпараттың қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету



 

ақпаратты  жеткізуде  жағымды  эффектілер  тудыру  үшін  тиімді 



тәсілдерді пайдалану. 

Біздің  ойымызша,  қандай  да  бір  телехабардың  негізгі  мақсатына,  олардың 

жанрлық, мазмұндық, тақырыптық ерекшелігіне қарай, жоғарыда көрсетілген 

қызметтердің  біреуі  сол  телехабардың  негізгі  қызметі  болып  табылады,  ал 

қалғандары  көмекші  болып  есептеледі.  Мәселен,  «Хабар»  телеарнасының 

ақпараттық  жанрдағы  қорытынды  жаңалықтарының  негізгі  қызметі  — 

«белгілі  бір  факт,  уақиға,  мәселе  жөнінде  жұртшылыққа  ақпарат  беру  (осы 

негізгі  қызметті  атқаратын  басты  коммуникативтік  тұлға  —  диктор);  факт, 

уақиға  жөнінде  түсінік,  баға  беру».  Өйткені  «қоғамдық  мәні  бар  жаңа 

фактілерді жылдам көре білу, оларды сұрыптау, бағалау, түсінік беру» — бұл 

ақпараттық  жанрдағы  хабарлардың  маңызды  белгісі.  Бұдан  басқа  «факт, 

уақиға  жөнінде  түсінік,  баға  беру»,  немесе  «ақпаратты  жеткізудегі 

комментарийлық-бағалауыштық 

функция»; 

«танымдық, 

тәрбиелік, 

ағартушылық  мазмұнда  ақпарат  бере  отырып,  жұртшылықтың  білім  қорын 

молайтуға  ықпал  жасау»,  немесе  «ақпараттың  ағартушылық-танымдық 

функциясы» және «жұртшылықтың қоғамдық, әлеуметтік саяси көзқарасына 

әсер  ету»,  немесе  «ақпараттың  қоғам  мүшелерінің  дүниетанымына  әсер  ету 

функциялары»,  «Хабар»  телеарнасындағы  қорытынды  жаңалықтардың 

көмекші  қызметін  атқарады.  Ғалымдардың  пікірінше,  ақпараттық  жанрдағы 

хабарларға «жаңалықтар, (заметка) сұхбат, әңгіме, ілікпе сөз (реплика), есеп 

және  репортаж»  жатады. 

Тәжірибеде  «оқиғаға  негізделген»  журналистік 

ақпарат «жаңалықтар», «хабар»,  «телеақпарат»,«ақпарат», «хабарлама» және 

бұлармен  синонимдік  қатынаста  қолданылатын  басқа  да  терминдермен 

беріліп жүр.

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет