Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет89/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   189
bilimdi akparattandyru

-   желілік электрондық білім беру басылымдары – байла-
ныс желісі арқылы шексіз тұтынушыларға рұқсат берілген 
электрондық басылым;
-   аралас таралған электрондық білім беру басылымдары  – 
жергілікті жəне желілік электрондық білім беру басылымдары  
түрінде қолдануға болатын электрондық басылым.


192
Тұтынушы мен электрондық білім беру басылымдары 
 
арасындағы өзара сипатты ескере отырып, электрондық білім беру 
басылымдары мен ресурстарды детерминерленген жəне детерми-
нерленбеген деп бөледі.
Детерминерленген  электрондық білім беру басылымдары  – 
параметрлерін, мазмұнын жəне өзара əрекеттесу тəсілдерін баспагер 
анықтайтын жəне тұтынушы өзгерте алмайтын электрондық басы-
лым.
Детерминерленбеген электрондық білім беру басылымдары   –
параметрлерін, мазмұнын жəне өзара əрекеттесу тəсілдерін тікелей 
немесе балама түрде өзіндік қызығушылығы, мақсаттары, дайында-
лу деңгейі жəне т.б. сəйкес тұтынушы орнататын электрондық ба-
сылым. Барлық өзгертулерді баспагер анықтаған алгоритимдердің 
көмегімен жəне ақпараттың негізінде іске асады.
Дидактикалық потенциалының деңгейіне қарай электрондық 
білім беру басылымдары мен оларды өңдуге арналған материал-
дардың бірнеше түрлерін төрт негізгі топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа мəлімдемелік типтегі басылымдар жатады. Олар: 
баспа материалдары жəне олардың электрондық көшірмелері, аудио- 
жəне бейне таспалар. Əдетте баспа басылымдары оқу мəтіні жəне 
оған арналған графикалық көрнекілік, мұғалімдер мен оқушыларға 
арналған ұсыныстар, есеп жинақтары түрінде тақырыпқа сай 
теориялық материалдардан құралады. Аудио-бейне таспаларда 
сабақта оқушыларға түсіндірілген жаңа материалдар жазылады. 
Осындай басылымдардың дидактикалық мақсаты – оқу материалын 
бастапқы таныстыру жəне оны қабылдау. Ережеге сəйкес, бірінші 
топтың басылымдары түпнұсқа материалының сипатына ие болады. 
Яғни, осының салдарынан толыққанды электрондық білім беру ба-
сылымдары  əзірленеді.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының екінші 
тобы  да мəлімдемелік типке жатады. Екінші топқа электрондық 
оқулықтар, виртуалды оқу бөлмелері жəне компьютерлік тест 
жүйелері жатқызылуы мүмкін. Бұлардың негізгі дидактикалық 
қызметі – ұғыну, білімді жадыда сақтау жəне бақылау.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының 
үшінші тобына виртуалды жаттықтырушылар, виртуалды оқу 
зертханалары, қашықтықтан кіруге мүмкіндік беретін зертханалар 
жəне басқа да осы тектес компьютерлік жүйелер жатады. Мұндай 
жүйелердің ерекше артықшылығы олардың жұмысына зерттелетін 


193
объектілердің немесе үрдістердің математикалық моделін жəне 
зерттеуді басқару режімінде оқу тапсырмасын орындау кезінде 
білім алушыларды қолдайтын мамандандырылған интерфейсті пай-
далану болып табылады. Үшінші топтағы электрондық білім беру 
басылымдарның негізгі дидактикалық тағайындалуы – зерттелетін 
объектілердің немесе үрдістердің зерттеу қасиеттерін, іскерлігін 
жəне дағдысын, білімнің артикулярлық емес бөлігін қалыптастыру 
жəне дамыту. 
Электрондық білім беру басылымдарның төртінші то-
бын кəсіби қызметті немесе олардың оқу баламасын қолданбалы 
программа пакеті түрінде автоматтандыратын компьютерлік 
жүйелер құрайды. Оларды білім алушылар үйренетін тақырыпқа 
сай əртүрлі есептерді шешу үшін немесе білім алу барысында 
пайдалана алады. Бұл топтағы электрондық білім беру басылым-
дарды қолданған жағдайда оқу үдерісінің жұмысы еркін зерт-
теу режімінде жүреді жəне сипаты бойынша кəсіби маманның 
қызметіне ұқсайды.
Мектеп оқушыларының зерттеу жұмысы кезіндегі қашықта-
тылған бірегей стендтерде жүргізілетін тəжірибелері дəл осындай 
режімде жүзеге асады. 
Барлық электрондық білім беру басылымдар жəне ресурстар 
сапалы болуы қажет. Бұл бəрімізге де мəлім. Сонымен бірге, сапа 
ұғымы міндетті түрде талдап тексеруді талап етеді. Сапалы атағына 
ие болу үшін, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары 
қандай талаптарға сəйкес болу керектігін нақты белгілеу керек. Көріп 
отырғанымыздай, осындай талаптарды анықтау арқылы электрондық 
білім беру басылымдары мен ресурстарының осы немесе басқа 
түрінің сапалылық деңгейін анықтау барысында сарапшылардың 
жəне қарапайым мұғалімдердің жұмысы жеңілдейді.
Басылымдар мен ресурстар сияқты оларға қойылатын талап-
тарды да бірнеше түрлі критерийлерге қатысты жіктеуге болады. 
Əдетте, барлық талаптарды басты екі топқа бөледі: электрондық 
білім беру басылымдарын қоса алғанда, білімнің деңгейіне байла-
нысты бəріне қатысы бар талаптар жəне жалпыға бірдей орта білімді 
ақпараттандыру құралдарына қойылатын ерекше талаптар. 
Бəрінен бұрын, электрондық білім беру басылымдары жəне ре-
сурстары стандартты дидактикалық талаптарға сай болуы қажет. Бұл 
талаптар оқулық, оқу жəне əдістемелік құралдар тəріздес дəстүрлі 
оқу басылымдарынан да талап етіледі. Дидактикалық талаптар оқу 


194
жүйесінің ерекше заңдылықтарына сəйкес келеді жəне сəйкесінше, 
оқудың дидактикалық принциптеріне де жауап береді. Ары қарай, 
талаптардың бірінші тобына жататын жəне электрондық білім беру 
басылымдары мен ресурстарына қойылатын дəстүрлі дидактикалық 
талаптарды қарастырамыз. 
Сандық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқытудың 
ғылымилығын қамтамасыз ететін талап соңғы ғылыми жетістіктерді 
қоса есептегенде электрондық білім беру басылымдары  ұсынатын 
оқу материалдарының баяндалу мазмұны ғылыми анық па жəне 
түзетілген бе, жеткілікті тереңдетілген бе деген сұрақтарға сай 
екендігін білдіреді. Оқу жүйесінің қажеттіліктеріне сай электрондық 
білім беру басылымдары  көмегімен оқу материалын меңгеру 
үдерісі ғылыми танымның басты əдістерімен есептеліп дайында-
луы тиіс: тəжірибе жасау, салыстыру, бақылау, абстракциялау, жал-
пылау, нақтылау, баламалау, индукция жəне дедукция, саралау жəне 
сүзгілеу, моделдеу жəне жүйелік саралау. 
Оқудың қолжетімділігін қамтамасыз ететін талап теориялық 
күрделілік деңгейін жəне білім алушылардың жас жəне тұлғалық 
ерекшеліктеріне сай оқу материалдарын игеру тереңдігін анықтау 
қажеттілігін білдіреді. Ол электрондық білім беру басылымдарын 
жəне ресурстарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқу мате-
риалы мөлшерден тыс күрделі жəне қиын болмауы тиіс, себебі, білім 
алушылар бұл материалды игере алмайды.
Оқудың қиындылығын қамтамассыз ететін талап оқу-таным-
дық қызметтің мəні мен сипатына негізделген. Білім алушылар 
оқу жүйесінде қиын жағдайларға тап болған кезде, мəселені шешу 
барысында, оның ойлау белсенділігі артады. Осы дидактикалық 
талапты электрондық білім беру басылымдары жəне ресурс-
тар көмегімен орындау деңгейі дəстүрлі оқулықтарды жəне оқу 
құралдарын пайдаланған кездегімен салыстырғанда жоғары болуы 
мүмкін.
Оқудың көрнекілігін қамтамасыз ететін талап зерттелетін 
объектілердің, олардың үлгілерінің немесе моделдерінің жəне 
білім алушылардың оларды жеке қадағалау барысындағы сезімдік 
қабылдауын есепке алу қажеттілігін білдіреді. Көрнекілікті 
қамтамасыз ететін талап электрондық білім беру басылымдар 
мен ресурстарға пайдаланған жағдайда жаңа, ең жоғары деңгейде 
жүзеге асырылуы тиіс. Виртуалды шынайылық жүйесінің 
таралуы жақын арада оқу жүйесінің тек көрнекілігі ғана емес, со-


195
нымен қатар оның полисенсорлық болатындығы туралы айтуға 
мүмкіндік береді.
Оқудың саналылығын қамтамасыз ететін талап, яғни білім 
алушының қызметін белсендету жəне өзіндік атқару дегеніміз 
оқу қызметінің тапсырмасын жəне мақсатын нақты түсіне 
отырып, оның ішінен оқу ақпаратын саралауға арналған элек-
трондық білім беру басылымдары мен ресурстар құралды-
рымен қамтамасыз етуді білдіреді. Осылайша білім алушы 
үшін саналы мазмұн ретінде оның оқу қызметіне бағытталған 
құрам қарастырылады. Электрондық білім беру басылым-
дары  пайдалану жəне қызмет ету негізіне қызметтік тəсіл кіруі 
тиіс. Сондықтан сəйкесті басылымдар мен ресурстарда білім 
алушының қызметінің нақты моделі зерттелуі қажет. Оның 
қызметтерінің дəлелдері оқу материалының мазмұнына 
қатысты адекватты болуы керек. Оқу белсенділігін арттыру 
үшін электрондық білім беру басылымдары  бөлімшелері оқу 
жағдайларын түрлендіріп, сұрақтарды қалыптастырып, білім 
алушыға оқу жүйесінің сол немесе басқа ізін таңдауға мүм-
кіндік береді жəне болатын оқиғаны басқаруға мүмкіншілік туғызуы 
қажет. 
Оқудың жүйелілігін жəне тізбектілігін қамтамасыз ету талабы 
электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарын пайдаланған 
жағдайда білім алушының оқу жүйесінің талаптарын кезекті түрде 
қамтамасыз етуді білдіреді. Яғни, қарастырылатын пəндік саладағы 
білім, іскерлік жəне дағды белгілі бір жүйемен логикалық негізделген 
тəртіп бойынша қалыптасуы тиіс. Ол үшін қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет