2. Жүзімді суслоға өңдеу сұлбалары. Жүзім шараптарының түрлері
мен маркаларының, түрлі атауларының көптігі өсірілетін жүзім сорттарының
молдығына, әрбір шарап дайындайтын аудандардың ерекше экологиялық
жағдайларына, шарап дайындаудың ежелден қалыптасқан ұлттық дәстүр-
леріне байланысты. Дүние жүзінде он мыңнан астам ерекше атаулы француз,
испан, неміс, грек, итальян, югославтық, венгерлік, болгар, молдаван, ресей,
украин, грузия және басқа да шарап түрлері бар. Олардың әрбірінде өзіндік
тарихы, өзінің жеке органолептикалық артықшылығы, өзінің жергілікті,
дәстүрлі, оригиналды дайындалу технологиялық әдістері бар. Жүзімді өңдеу
технологиясын стандартты және түрлі схемалар бойынша жеңілдету,
шараптың басты қасиеттері – жекешілдігі мен сапасынан айырады. Сонымен
қатар саланың техникалық жабдықталуы, өндірістің механизацияланып және
автоматизацияланып дамуы технологиялық процесстердің үздіксіз жетілді-
руін талап етеді. Бүгінгі күнгі техниканы классикалық шарап дайындау
әдістерімен ептеп тіркестіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |