Жүзімді ұсақтау (езу). Бұл – алғашқы шарап дайындаудың ең басты
процесі. Жүзімді ұсатқан кезде жүзім шоқтары мен жидектердің жасушалы
құрылымы бұзылады, шырыны, балдыры, тұқымы және жүзімнің қабықшасы
босатылады, бұл шырынның бөлінуін тездетеді және жеңілдетеді.
Ақ тәсіл бойынша шарап дайындау технологиясында, сусло құрамында
фенолды және лайлы заттар көбеймеу үшін езу жеңіл механикалық тәртіпте
жүзеге асады. Бұнда тұқымдарының, қабықшасының езілуі, сағақтарының
ұсақталуы жіберілмейді. Бұл талаптарға көбіне сағақтарын бөлмей жұмыс
істейтін ұсақтағыш-езгіш жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |