«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы


  Өте  ірі  резервуарларда  ашыту



Pdf көрінісі
бет47/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

3.  Өте  ірі  резервуарларда  ашыту.  Өте  ірі  резервуарларды  шырынмен 
толтыру  бірнеше  күннен  1-2  аптаға  дейін  жүруі  мүмкін.  Арасында  жоғары-
лаған  температураны  төмендету  үшін  салқындатылған  шырын  құйылады. 
Мұндай  әдісті  АҚШ-та  «еріншек»,  баяу  ашу  деп  аталады,  бірақ  мұның  өз 
артықшылықтары да бар. Француз шарап дайындаушылары жүзім шырынын 
4-5% ад. спирт бар ортада ашытуды ұсынған (төрттен жоғары тәсілі). Мұндай 
жағдайда  шырын  мен  бірге  келетін  жабайы  ашытқылар  (Hanseniaspora, 
Torulopsis,  Candida  және  т.б.)  өліп,  Saccharomyces  ашытқылары  жақсы 
дамып, өнімнің сапасы жақсарады. 


51 
 
Өте ірі резервуарларды 10-15 тәулік бойы баяу, үзбей жақсы ашытылған 
шырынға  10-12
0
С  температураға  дейін  салқындатылған  шырын  қосылады, 
ашу «төрттен жоғары» әдісімен жүреді. 
Ақ  құрғақ  сорттық  шараптар  өндірісінде  сыйымдылығы  1-2  мың  дал 
металл  резервуарларда  үш  сатылы  ашыту  әдісі қолданылады.  Алдымен  бос 
резервуарға  2-3%  таза  ашытқы  культурасынан  қоспасын  және  25-30% 
мөлдірленген  шырында  құяды.  3-4  тәуліктен  кейін  күшті  ашу  процесі 
басталысымен  және  ашыған  шырынның  температурасы  24-25
0
С  дейін 
жоғарлағанда,  тағы  да  10-15
0
С  температыралы  30%  мөлдірленген  шырын 
қосылады. Нәтижесінде тепература 18-20
0
С дейін төмендейді. 2-3 тәуліктен 
кейін  ашыған  шырынның  температурасы  қайтадан  26
0
С  дейін  көтерілгенде 
үшінші  рет  салқындатылған  шырын  құйылады.  Бұл  кезең  ашудың  ең 
карапайым  әдісі.  СО

қысымы  арқылы  ашу  1,2  МПа  дейін  күшті  ішкі 
қысымға шыдайтын көлденең немесе тік резервуарларда жүзеге асады. Олар 
арнайы өлшеп бақылайтын, приборлар мен жабдықталған. Резервуарлар 80% 
дейін  шырынмен  толтырылады,  гермитизацияланып,  ашыту  0,5  МПа  СО
2  
қысымында  жүреді.  СО

әсерінен  ашу  баяу  жүреді  және  шырын  темпера-
турасы 20-22
0
С-дан жоғары көтерілмейді. 0,5 МПа қысымға жеткеннен кейін 
вентильді  ашып,  артық  көміртегі  диоксидін  шығарады.  Егер  ашу  өте  баяу 
жүретін  болса,  артық  қысымды  түгелдей  шығарып,  нәтижесінде  резервуар 
түбінде  тұнған  ашытқылар  көтеріліп,  ашуы  активтенеді.  0,5  МПа  қысымы-
мен  ашыту  арқылы  жоғары  сапалы  құрғақ  шараптар,  жартылай  тәтті  және 
жартылай  құрғақ  асханалық  шараптарға  арналған  шарапматериалын  алуға 
болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет