Қызғылт табиғи шараптар. Ақ және қызыл шараптардың арасындағы
орынды алады. Олар үш топқа бөлінеді: ашық қызғылт түстен ашық қызыл
түске дейін; ашық рубин түсті; пияз қабығының түсінен сары түске дейін. Ең
бағалы болып қызғылт, таңқурай түстес, ароматты және жасаң жас қызғылт
шараптар есептеледі. Оларды шырыны боялмаған (Каберне Совиньон,
Мерло, Матраса) жүзімнің қызыл сорттарын тұндыру (8-16 сағ) арқылы
немесе шырыны боялған (Саперави, Джамета, Одесский черный) қызыл
сортты жүзімді престеу арқылы, сондай-ақ арнайы технологиямен купаждық
жолмен алуға болады. Біздің мемлекетте технологиялық нұсқаулар бойынша
қызғылт шараптарды жүзімнің қызыл (қызғылт) және қызыл мен ақ сорт-
тардың қоспаларынан, ақ асханалық шараптарды өндіру технологиясымен,
сондай–ақ ақ және қызыл шарап материалдарын купаждау жолымен өндіреді.
Бұл шараптарды қызыл әдіспен де шығаруға рұқсат етілген. Мұнда
шырынның езіндіде ашу ұзақтығы аз болу керек.
Сары және кехетинді табиғи шараптар тобы – оңтүстік аймақтардың
құрғақ шараптары. Оларды келесі қасиеттер біріктіреді – қатты тотыққан,
құрамындағы спирттің, күрделі эфирдің, экстративті заттардың мөлшері
жоғары және қышқылдылығы орташа.
Сары шараптар. Францияда, Венгрияда, Словакияда және Арменияда
шығарылады. Олардың түсі өте әдемі тұнық янтарь түстес, алтын түсті
болады, күшті ерекше жұқа иісті, толық дәмді болып келеді. Құрамында 12-
16% спирті болады, әдетті құрғақ болып шығарылады, дәмінде херестің
дәмдері болады. Сары шараптар тобына токай шараптарының барлық түрлері
де жатады. Олар Венгрияда шығарылады. Бочкаларда 3 жылға дейін сақта-
латын тотыққан токай шараптарын токайлық қабық түзгіш ашытқылармен
64
(Токай 8, Токай 19) ашытады. Олар температурасы тұрақты 10-11ºС қойма-
лардағы шараптар бетінде әлсіз дамиды.