«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет69/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

 
Тапсырма.  
1.  Дала  рефрактометрімен  жүзім  шырынының  қанттылығын  анықтау 
тәсілін меңгеру. 
2.  Ареометрмен  зертхана  жағдайында  шырынның  қанттылығын  анық-
тау. Ол үшін жидектерді жүзім сағағынан босату керек. Оларды сығу арқылы 
шырын  алып,  оны  20-25  мин.  ұстап  тұнбасын  тазарту  қажет  немесе  мақта 
арқылы сүзгіден өткізу. Тазартылып алынған шырынды арнаулы құрғақ, таза, 


79 
 
көлемі 250 мл цилиндрге ақырын, байқап, жайлап ыдыс бойымен көбік пайда 
болмайтындай  етіп  құйыу  керек,  цилиндрге  құйылған  шырынның  темпера-
турасын өлшеп жазып алу керек. Тазартылған шырыны бар цилиндрге таза, 
құрғатылған  ароеметрді  түсіріп  (салып),  оның  батып  кетпеуін  қадағалап, 
ареометрмен  шырынның  температурасы  теңескенше  2-3  минут  күту  керек. 
Одан  кейін  шырынның  бетіндегі  төменгі  мениск  бойынша  шкаладағы  сан 
бөлігін белгілейді. 
3.  Ареометр  көрсеткішін  температура  түзетуіне  байланысты  қайта 
есептеу (түзету) керек және шырындағы қант көлемін шырынның тығыздық 
сан көрсеткіші бойынша кестедегі көрсеткіштерді пайдалана отырып анықтау 
керек. 
4.  Ареометр  және  дала  рефрактометрі  арқылы  алынған  шырынның 
қанттылығын  салыстырып  және  кестедегі  көрсеткіштер  бойынша  шырын-
дағы қант көлеміне байланысты сортты бағалау қажет. 
5.  Жүзім  шырынындағы  қант  көлеміне  байланысты  практика  коэффи-
циентінің көмегімен шарап өнімінің күштілігін анықтайды. Ол үшін шырын-
дағы  қант  көлемінің  пайызын  практикалық  коэффициентке  (0,6)  көбейту 
керек. Алынған көрсеткішті кесте бойынша тексереді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет