З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Мезгіл мәнді құрылымның жатыс септігінде берілуі



Pdf көрінісі
бет51/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Мезгіл мәнді құрылымның жатыс септігінде берілуі
апта
ай
жыл
ғасыр
өткен аптада
өткен айда
өткен жылы
өткен ғасырда
осы аптада
осы айда
осы жылы
осы ғасырда
келесі аптада
келесі айда
келесі жылы
келесі ғасырда
!
 Қай айда?
қыста
көктемде
жазда
күзде
желтоқсанда
наурызда
маусымда
қыркүйекте
қаңтарда
сәуірде
шілдеде
қазанда
ақпанда
мамырда
тамызда
қарашада
!
 Қай жылы?
Бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылы.
Екі мың үшінші жылы.
Екі мың бесінші жылы.
!
 Қай ғасырда?
Он тоғызыншы ғасырда. Жиырмасыншы ғасырда. Жиырма бірінші ғасырда.
23-тапсырма.  Нұсқалардан  қажетті  бірліктерді  таңдап,  модель  бойынша  диалогтар 
құрыңыз.
а)
А: Туған күніңіз, жылыңыз қашан? Қыста 
ма? 
Б: Иә, қыста. Ақпанда.
көктемде, жазда, күзде, қыста...
наурыз,  маусым,  қараша,  тамыз,  мамыр, 
қаңтар.
б)
А: Астанаға қашан келдіңіз? Жазда ма?
Б: Жоқ, күзде, қыркүйекте.
қыста, көктемде, жазда, күзде...
ақпан, қаңтар, наурыз, сәуір, мамыр, 
маусым, қазан, желтоқсан.


45
24-тапсырма. Модель бойынша диалогтар құрыңыз.
а)
А: Астанаға қашан келдіңіз?
Б: Өткен жылы, наурызда.
осы жыл – ақпан;
1998 – мамыр;
1989 – маусым;
өткен жыл – ақпан;
1997 – қараша;
осы ай - өткен апта.
б)
А: Үйге қашан қайттыңыз?
Б: Осы жылы, маусымда.
келесі жылы – сәуірде;
2001 – желтоқсан;
2003 – ақпан;
осы ай – келесі апта;
осы жыл – келесі ай.
в)
А: Сіз осы театрда болдыңыз ба?
Б: Мен онда өткен аптада болдым.
А: Тағы қандай театрларда болдыңыз?
Б: Негізінен бәрінде.
қала – өткен жыл;
ел – өткен ай;
мұражай – өткен апта;
көрме – осы жылы;
лекция – осы апта;
кинотеатр – осы ай.
А: «Жасөспірімдер» театры қайда? Білесің 
бе?
Б:  Кардиологиялық  емханаға  қарсы 
жақта, кітапхананың жанында.
Тарихи  мұражай  –  Тимерязев  көшесі  – 
ҚазМУ;
Суретшілер  үйі  –  Мәдениет  парк:  -  кон-
серватория;
Музыкалық  академия  –  опера  театры  – 
жаңа  цирк,  ұлттық  кітапхана  –  «Бәйте-
рек» мұражайы
25-тапсырма. 
а) Диалог құрыңыз, бір-біріңізге сұрақ қойыңыз: кім қайда, қашан туылды?
б) Ойнайық. Диалог құрыңыз. Бір-біріңізге танымал адамдар туралы сұрақ қойыңыздар 
(тізімнен таңдаңыз немесе өз нұсқаңызды ұсыныңыз).
Мысалы: - Абай туралы не білесіз? – Абай – қазақ ақыны. Ол ХІХ ғасырда өмір сүрді.
Альберт Эйнштейн – АҚШ – ХХ ғасыр; Христофор Колумб – Испания – ХV ғасыр; Ахмет 
Байтұрсынов – Қазақстан – ХХ ғасыр; Михаил Васильевич Ломоносов – Ресей – ХVІІІ ғасыр; 
Исаак Ньютон – Англия – ХVІІ-ХVІІІ ғасыр; Иоганн Себастьян Бах – Германия – ХVІІІ ғасыр.
26-тапсырма. 
а) Өзіңіз туралы айтыңыз. Келесі сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз.
1) Қайда дүниеге келдіңіз?
2) Қашан дүниеге келдіңіз?
3) Қайда тұрдыңыз, қазір қайда тұрасыз?


46
4) Қай тілдерде сөйлейсіз? Сіздің отбасыда қай тілде сөйлейді?
5) Сіздің елде қай тілдерде сөйлейді?
6) Қайда оқыдыңыз?
7) Қашан мектепке бардыңыз?
8) Университетке қашан түстіңіз? Қашан жұмыс істей бастадыңыз?
9) Әдетте, қайда демаласыз?
10) Соңғы рет қайда, қашан демалдыңыз?
11) Астанада қайда тұрасың?
12) Астанаға қашан келдіңіз?
13) Астанада қайда оқисыз?
14) Үйге қашан қайтасыз?
15) Қайда жұмыс істегіңіз келеді?
16) Диалог құрыңыз. Бір-біріңізге жоғарыдағыға ұқсас сұрақтар қойыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет