ҚОРЫТЫНДЫ
•
DHCP – бастапқы жүктеу хаттамасының кеңеюі (ВООТР), ол дискісіз
клиенттерге TCP/IP-ді автоматты түрде баптауға және жүктеуге мүмкіндік
береді. DHCP компьютерлер-клиенттерге IP-мекен-жайларды автоматты
түрде беру жолымен TCP/IP параметрлерін бӨлуді басқару мен
орталықтандыру үшін қызмет етеді. Сонымен қатар оны пайдалану TCP/IP-
ді қолмен баптаумен байланысты бірнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді.
•
Әр DHCP-қолданушы жүктелген кезде DHCP-серверден ақпарат
сұрайды, жүйе асты маскасын және кейбір басқа деректерді сұрайды.
Соңғыларға шлюздің үнсіз жағдайдағы мекен-жайы, DNS және WINS
серверлер мекен-жайлары сұралады.
•
DHCP сервері ІР – мекен-жайды бӨлуге сұраныс қабылдаған кезде,
ол ІРмекен-жай туралы ақпаратты кӨптеген ақпараттар ішінен кӨрсетеді
және оны DHCP қолданушысына Ұсынады. Егер қолданушы осы
деректерді қабылдаса, DHCP-сервер қолданушыға ІР – мекен-жайды
белгілі бір уақыт аралығына береді.
•
DHCP-клиент
баптауы
тӨрт
кезеңде
орындалады.
Егер
компьютерлерде бірнеше желілік адаптерлер орнатылса, онда әрбір
адаптердің баптауын жекежеке орындайды. Әрбір адаптерге бірегей IP –
мекен-жай беріледі. Барлық DHCP байланыстары UDP хаттамалары
арқылы орындалады.
•
Windows 2000 DHCP-сервердің DNS аймағында кез келген клиент
үшін динамикалық жаңартулар жүргізуге болады. БҰл жағдайда клиенттер
DNS динамикалық жаңартулар хаттамаларын қабылдап, "IP – мекен-
жай/аты"(DNSсервер аймағында сақталады) ақпараттарын Өңдей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |