А. С. Биханова, Н. Б. Кайсанова



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата02.01.2022
өлшемі353.7 Kb.
#454305
1   2   3   4   5   6
entrepreneurship

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

 



ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Дональд  Куратконың  «Кәсіпкерлік:  теория,  процесс,  практика»  атты 

еңбегін  қазақ  тіліне  халықаралық менеджмент магистрі М. Сейітжаппарұлы, 

менеджмент  магистрі  Б.  Сабденалиев,  Ноттингем  университетінің  магистрі 

Н. Ынтайбекова және Г. Түсіпова, М. Қыстаубаева есімді мамандар аударған. 

Ал  автор  кәсіпкерлік  білім  беру  саласының  үздігі  болып  саналады. 

Оның қаламынан бүгінге дейін дәл осы тақырып бойынша 30 кітап және 190-

нан  астам  ғылыми  мақалалар  туған.  Әлем  назарын  бүгінде  өзіне  аударып 

отырған өміршең тақырыпта ағылшын тілінде материалдар жазған оқу ісінің 

үздігі  бүгінде  аталған  саладағы  ең  үздік  ұстаздар  қатарына  енеді.  Оның 

жазған  еңбектерін  әлемдік  рейтингте  көш  басында  тұрған  жоғары  оқу 

орындары өздерінің білім беру үдерістеріне енгізіп, сол бойынша жыл сайын 

мыңдаған  шәкірт  тәрбиелеп  шығуда.  Ал  осы  кітаптағы  құнды  дүниелерді 

терең игерген студенттер дипломдары қолдарына тиісімен өздері білім алған 

салада үздіктер қатарынан атану мақсатында еңбек етуде. 

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Болашаққа 

бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық 

білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты аясында аударылған еңбекке 

жауапты редактор болып, филология магистрі Н. Қожабек бекітілсе, ғылыми 

редакторы  есебінде  экономика  ғылымдарының  кандидаты  Г.  Күреңкеева, 

әдеби редактор ретінде Г. Бектасова бекітілген. 

Оқулықта  әлемдік  тәжірибеде  дәлелденіп  қойған  «Mind  Tap»  әдісі 

туралы  толыққанды  мағлұмат  беріліп,  оның  қолданылу  жолдарын 

түсіндіреді.  Сондай-ақ,  әлемдік  бизнес  аренасында    танымал  болған  әдіс 

бойынша  арнайы  жағдаяттық  тапсырмалар  жазып,  оқырманды  сол 

тапсырманы 

мұқият 

орындауға 

итермелейді. 

Дональд 


Куратконың 

шығармасының  өне  бойы  дәл  осындай  оқырманға  арналған  жағдаяттық 

тапсырма  немесе  өз  алдына  жеке  бизнес-жоспар  жасау  жолдары  сатылап 

көрсетілген.  Яғни,  оқуға  да,  түсінуге  де  оңай  әрі  жас  үміткерлерді 

жігерлендіріп, кәсіпке деген көзқарастарын арттыра түспек. 

Сондай-ақ,  кітапта  заманауи  үлгіде  қолданыста  жүрген  «Lean  start  up» 

және  «Business  Canvas»  атты  жобаны  модельдеу  жолдары  жеңіл  тілмен 

түсіндіріліп,  кәсіпті  осындай  арнайы  модкльдер  арқылы  жүргізуге  кеңес 

беріледі.  Сонымен  қатар,  кітаптағы  қызықты  әрі  өте  пайдалы  тапсырмалар 

студенттер  түгілі  қарапайым  халықтың  да  қызығушылығын  тудыратыны 

анық.  Өйткені,  жағдаяттық  тапсырмалардың  барлығы  жеке  адамның  кәсіби 

мамандығы 

бойынша 

білімін 


дамытуы 

үшін 


құрастырылған. 

Бұл 


жағдаяттарды  шеше  отырып,  жас  буын  өкілдері  өздерінің  кәсіпкерлік 

саласын  теориялық  тұрғыдан  қаншалықты  білім  жинағанын  және  алған 

білімін  қаншалықты  жүзеге  асыра  алатындығына  баға  бере  алады.  Бұл 

кәсіпкерлік қабілет дәрежесінің артып, студенттер бойында, жастар арасында 




кәсіптің  болашағын  болжай  алатын,  бастаған  талабының  оң  болуы  үшін 

қандай  қажеттіліктерге  баса  мән  беру  керектігі  туралы  ойлануға  мүмкіндік 

береді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



www.onruh.kz-

 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің біріңғай интернет -

порталы 

2.

 



Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі:- Алматы,2016 

3.Жаңа гуманитарлық ғылым. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Дональд 

Ф.Куратко .,Кәсіпкерлік, теория, процесс, практика :- Астана, 2018 жыл 

4.

 



www.akorda.kz –  ҚР Президентінің ресми сайты 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет