Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет40/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   180
 
 
 
 


ӘОЖ 614.77 С 18                                                                       
 
ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ 
 
Дүзелбаева С.Д., Салиева А.Н. 
 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  мемлекеттік университеті 
 
Почва - колоссальное  природное  богатство,  обеспечивающий человека 
продуктами питания, животных - кормами,  а  промышленность сырьем. Из всего выше 
сказанного ясно, как велики и разнообразны роль и значение почвы в народном хозяйстве и 
вообще в жизни человеческого общества. Так, что охрана почв и их рациональное 
использование, является одной из важнейших задач всего человечества. 
Soil - a huge natural wealth, which provides people food, animal - pet food and raw materials 
industry. From all the above it is clear how great and varied role and importance of soil in the 
national economy in general and in the life of human society. So that the protection of soils and 
their management is one of the most important tasks of all mankind! 
 
Ключевые слова: почва, природное  богатство, использование. 
Key words: soil, natural resource, use. 
 
Топырақ дегеніміз жердің аналық жынысы, өсімдіктер және жануарлар дүниелері 
қатысуымен, климаттың әсерінен мыңдаған-миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан 
күрделі зат.  
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен 
болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау 
салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері 
күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. гектар жазық 
жерлер, 185 млн. гектар жайылым және 34 млн. гектар құнарлы жердің 180 млн. гектар 
жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. гектар топырақ эрозиясы 60 млн. гектар 
тұздану, 10 млн. гектар химиялық және радиактивті заттармен ластанған. 
Республиканың 30 млн. гектар жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып 
жатыр. Солтүстік облыстарды тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай 
дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30%-ын жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында 
мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 гектар астам жерді қамтыса, топырақтың 
техногенді бүлінуі 2,5 млн. гектар, ал тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол 
сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының  игілігіне 1,4 млн. гектар жер 
бұйырған. Оның үстіне Каспий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 
млн. гектар жерін су басады деп болжам жасалуда[3]. 
Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда 
жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың 
жинақталуы, радиоактивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ 
дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, 
бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің 
азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік 
Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. гектар жер шөлейттеніп 
кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың гектар қара сексеуіл орманы біржола жойылу 
үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы 
заттармен және радионуклеидпен ластануы жылдам жүруде[3]. 
Балқаш-Алакөл және Шу-Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне 
Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп зардаптар 
әкелді. Су деңгейінің 1,5-2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы бойынша топырақтың құрғап, 


бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берді. Әсіресе, Іле-Балқаш бассейіні жер жаннаты 
аталған Жетісу өңіріне экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы ит тұмсығы 
өтпейтін тоғай, тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен 
каньондары тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар құлазыған сары далаға, шөлге 
айналып бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10-15 процентін Қытай халық 
Республикасының алуы бұл өңірдің табиғатын тұл етері анық. 
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. 
Ол республика бойынша 26610,7 мың гектар жерді алып жатыр. Соңғы жылдары 
байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдеріне 
әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде 
топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. 
Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық 
және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам 
шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жолберіліп, жердің 
сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. тонна минералдық және 33,2 
млн. тонна органикалық тыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 
мың тоннаға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның 
құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22% жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер 
ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады. 
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклеидтермен ластануы барлық 
аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, 
қазба байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму 
аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде  химиялық қалдықтар 2,3 млрд. 
тонна жетсе, ал 529 обьектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден 
шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн. тонна жетіп 
отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, 
Мұғалжар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым 
жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, 
пестицидтер және нитраттармен ластанған. 
Бар деректер бойынша Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде 
қорғасынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен. 
Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық 
ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшырағын. Семей өңірінің радиоактивті 
заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан 
жылына 294 мың тонна. улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, 
қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель 50 РЗШ, т.б. 
ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған 
әдебиеттерде келтіріледі[1]. 
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролық қарулар сыналған 
жерлердің көлемі Ақтөбе облысында – 4207,5; Атырау – 1635,3; Шығыс Қазақстан – 11,1; 
Жамбыл – 2576,1; Жезқазған – 4900; Батыс Қазақстан – 1558,8; Орталық Қазақстан – 19,6; 
Маңғыстау – 21,4; павлодар – 717,1; Оңтүстік Қазақстан – 8,1; Семей – 941,2 мың гектар 
жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы Кеңес үкіметі соғыс 
ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шұрайлы жерінің 20 млн. гектар 
жарамсыз етті. Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдары аралығында 24 ядролық 
қару сыналған, олар Маңғыстау облысында – 3, Батыс Қазақстанда – 4 және Атырауда – 
17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана, 6,1 мың гектар жерді алып 
жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша Нарын, Азғыр құмдарында радиактивті 
элементтер: кадмий – 80-120, стронций – 150, қорғасын – 80 және нитрат – 8,8 есе шекті 
мөлшерден көбейіп кеткен. 
Үстірт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы 
жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік және жан-жануарлар дүниесіне бұрын 


соңды болмаған залалдар келді. Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау 
облысының «Тайсойған», Балқаш көл маңында «Ташкен-4» және «Байқоңыр» ғарыш 
айлағында орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайымен  
және ракета «қоқыстарымен» ластанған. Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың 
өкпе-тыныс жолдарына, жүйке-жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр, мүшелерін 
зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл 
жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 3-50% биомассасын жойып 
жіберді. Мәселен, 1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында 24000 
ракета барлығы 30 мың тонна жанармай жаққан.  1994 ж. 5 шілде мен 27 қазанда апатқа 
ұшырағын «Протен» ракета тасығышы Қарағанды облысының жеріне гептилен уын 
шашып орасан зор қауіп төндірді. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр. 
Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды 
тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді 
ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады. Топырақтың ластануы 
дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, 
гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы. 
Химиялық ластаушылар (неорганикалықжәне органикалық заттар) үлкен екі топқа 
бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, 
қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, 
өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса 
топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа  топыраққа сұйық, қатты, газ 
тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа 
мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік 
мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды 
жатқызуға болады. 
ТМД елдерінде (пестицидтердің көптеген түрін қолдануға рұқсат етілген. 
Пестицидтер ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін өсімдік 
мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.Алайда, пестицидтердің 
топырақтағы нақты құрамы қалыпты (есептік) мөлшерден едәуір асып түседі және кейбір 
елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді. Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян. 
Топырақ пестицидтермен ластанса, ол жердің шөбі мен суын малға беруге болмайды. 
Оның ауасын жұтудың өзі де қауіпті. Өйткені, олар жіті және созылмалы улануға әкеліп 
соқтырады[2]. 
Қазіргі кезде пестицидтер қолданудың қауіпсіздігін көтеруге зор көңіл бөлінеді. 
Осы мақсатпен ондай препараттар улылығы аз препаратпен ауыстырылуда. Олардың 
формалары кейінгі кезде жетілдірілуде. Сондай-ақ, оларды ауыл шаруашылығында 
пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормалары да негізделуде. 
Минералды тыңайтқыштар ауылшаруашылығында топырақ құнарлылығын арттыру үшін 
қолданылатын химиялық қосылыстар. Оларға макро және микро тыңайтқыштар жатады. 
Минералды макро тыңайтқыштар дегеніміз құрамына топырақ құнарлылығын арттыратын 
негізгі элементгер (азот, фосфор, калий) енетін заттар. Макротыңайтқыштар азотты, 
фосфорлы, калийлі және аралас деп бөлінеді. Минералды тыңайтқыштар түрлері көп-ақ. 
Мысалы, азотты тыңайтқыштар тобына аммиак суы, карбомид, натрий нитраты, аммиак 
селитрасы, калий селитрасы және т.б. енгізіледі. Фосфорлы тыңайтқыштар тобына 
қарапайым және қос суперфосфаттар, негізгі шлактар және т.б. жатады. Азотты 
минералды тыңайтқыштар топыраққа тым артық енгізілсе мал денсаулығына зиян. 
Өйткені, нитрат метгемоглобинемия деп аталатын улануға ұрындырады. Сондай-ақ, олар 
топырақта канцерогенді әсері бар нитрозаминдердің синтезделуінің негізі болады[1]. 
Калий топыраққа өте баяу көшеді және топырақтың өздігінен тазаруы мен топырақ 
биоценозына зиянды әсер етпейді. Дегенмен, олармен бірге топырақ қыртысына жасанды 
сортаңдандыратын хлор иондары енгізіледі. Сонымен бірге мал организміне жиналған аз 
ғана калий жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.  


Фосфат топырақты онша ластай қоймайды. Әйтсе де фосфат тыңайтқышы 
гектарына 600 кг. немесе топырақтың 1 килограмына 200 мг. аспауы қажет. Бұл шамадан 
асып кетсе жем-шөптің органолептикалық қасиеті мен қоректік құндылығын 
нашарлатады. Сонымен қатар топыраққа фосфор тыңайтқышын енгізу онымен бірге 1 
литр жер асты суында 20 мг. дейін фтор енгізілді деген сөз.  Топырақтың құрылуы сулану 
режиміне, жер асты суларының минералдану сипатына, сол сияқты топырақ құрушы 
жыныстардың ерекшелігі мен өсімдіктеріне байланысты болады. Осы факторлардың 
қатынасына байланысты шабындық топырағының бір типі құрылады. Шабындық 
жайылым топырағының айырмашылығы жоғарғы горизонт топырағының лай болуы, мал 
азығының базасын дамыту үшін мүмкіндік жасайды. Жерді дұрыс пайдаланбау 
дағдырысқа  ұшырататынын тарих  көрсетті. Павлодар облысында тың және тыңайған 
жерлерді  ұтымды пайдаланбауды  еске түсірейікші. Сондай ұқсас  құбылыс жайылым 
жерде кездеседі. Жерді селсоқ игеру және бұл жерлерді пайдалану біртіндеп 
құрғақшылыққа айналдырады.  Осылай топыракты пайдалану нәтижесінде ол бұрыңғы 
құнарлылығын жойып эрозияға ұшырады. Топырақтың құнарлылығын нашарлатуға 
негізгі себеп жайылым жердегі  малдардың санының көбеюі және эрозия. 
Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу 
мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді интенсивті пайдалану 
топыраққа қосымша кері әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер 
жасады. Ерекше қатты пайдалы қазбаларды өндіргенде қоршаған ортаға зиян келтірді. Тау 
қопару жұмыстарында бос жыныстардың үйіндісі үлкен өндіріске өнім беретін алаң, 
тұрмысқа қажетті жерлер айналымнан шығып қалады. 
Жер байлығының негізі – құнарлы топырақ. «Байлықтың атасы – еңбек, анасы – 
жер» деген аталы сөз бар қазақта. Өсімдіктер де, су да, жан-жануар мен адам баласы, бәрі 
де осы жер үстінде өмір сүруде. Қандай керемет, нендей құдірет болса да бәрі де осы 
жерден табылады. Жер бізді асырайды, қуат береді, пана болады. Ал топырақ – жер 
қабатының сыртқы бөлігі. Ол өзінің құндылығымен, мол өнім беруге бейімділігімен 
бағаланады. Топырақ егіншінің жұмыс істейтін негізгі обьектісі болып табылады. 
Топырақ негізгі екі міндетті атқарады: ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру және өлген 
органикалық қалдықтарды минералдандыру. Қоғамның қазіргі даму сатысында ол 
өнеркәсіп пен коммуналды-тұрмыстық қалдықтарды тазартатын биологиялық сүзгішке 
айналып отыр.  
Топырақ көптеген жануарлардың өмір сүретін орталығы. Топырақ және оның 
құнарлылығы – адамзат үшін ең басты байлық, біздің өміріміз соған байланысты.  
Елімізде негізгі байлық – жерді күте білу маңызды проблемалардың бірі болғанымен, оған 
көзқарас қазіргі кезде ойдағыдай болып отырған жоқ. Жер және оның байлығы қазіргі 
өмір сүріп отырған адамдарға ғана емес, келешек ұрпаққа керек екенін келешек ұрпақ әлі 
түсініп болған жоқ. Жер бетінде өмір сүріп жатқан әрбір адамзат баласы табиғат 
байлығының сақталып қалуына өз көмектерін тигізуі керек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет