92
қолмен тартпалы клавишаларымен қосылған. Егер «толтыру» клапанын
басса, онда сұйықтық бюреткаға жабдықтаушы түтікше арқылы түседі, ал
егер «төгу» клапанын ашса – сұйықтық бюреткадан төгіледі. Қазіргі кезде 10,
25, 60, 100 және 200 мл сыйымдылықты бюреткалар шығарылады.
Дәріханалық пипетка қондырғысы. Дәріханалық пипетка (сурет 10) аз
көлемді сұйықтықтарды өлшеуге арналған.
Пипетка комплектісі төменгі
бөлігі тарлау болып келетін градуирленген түтіктен тұрады және 2 тубусы
бар: жоғарғы және бүйірлі. Жоғарғы тубусқа
сұйықтықты пневматикалық
соруға арналған шар тәрізді резина баллон кигізіледі. Бүйірлі тубусқа бос
ұшы қатты резина тығынмен жабылған кішірек резина трубка кигізіледі.
Пипетканы этикеткамен безендірілген баллон ішіне орналастырады.
Пипеткаларды 3, 6, 10 және 15 мл сыйымдылықта шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: