Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет87/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   295
Экономикалык теория

Талқылау сұрақтары:
6.1. Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты белгілері;
6.2. Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары;
6.3. Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік 
бәсеке, олигополия, т.б.;
6.4. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өндіріс 
көлемін таңдау;
6.5. Монополияға қарсы саясат.
Негізгі ұғымдар: нарықтық құрылымдар, бәсеке, жетілген 
бәсеке, жетілмеген бәсеке, монополия, олигополия, монополистік 
бәсеке, монопсония, екі жақты монополия, бағалық дискриминация, 
жарнама, бәсекелестікті қорғау, ашық монополия, жабық монополия, 
табиғи монополия, монополиялық билік, монополияның зардаптары, 
антимонополиялық саясат, т.б.
6.1. Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты 
белгілері
Нарықтық құрылым көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі 
ұғым ретінде саналады. Нарықтық құрылым бәсекелестіктің әртүрлі 
дәрежесімен анықталады.
Нарықтық құрылым – бұл фирмалардың салалық нарықта 
өзара әрекеттесу сипатын анықтайтын және нарықтық тепе-теңдіктің 
қалыптасу әдістерін көрсететін нарықтық ұйымдастыру белгілерінің 
жиынтығы.
Нарықтық құрылымның типі салалық нарықтың негізгі белгісі 
ретінде көрінетін ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да әрекет 
ететін көптеген факторлармен анықталады. Нарықтық құрылымның 


108
типін анықтайтын негізгі факторлардың бірнешеуін бөліп көрсетуге 
болады:
1. Өндірушілердің шоғырлануы;
2. Сатып алушылардың шоғырлануы;
3. Өнімді ерекшелендіру дәрежесі;
4. Нарықтық ақпараттың толықтылығы;
5. Салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері;
6. Өндірушілердің бағаға бақылау жасай алу дәрежесі;
7. Фирмалардың өзара әрекеттесу сипаты.
Осы факторларды ескере отырып, нарық құрылымын негізгі төрт 
түрін бөліп көрсетуге болады:
• Жетілген (таза) бәсеке;
• Абсолютті (таза) монополия;
• Монополистік бәсеке;
• Олигополия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет