Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет26/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
көңiлiне жақпаған адамдарды атып та тастай салатын. Менiң 
әкемдi де солар өлтiрдi. Онда мен он алты жаста едiм. Әкем 
рахметтiк Шымқалаға жүн-жұрқа апарып сатып келе жатқанда, 
Сұлтанрабаттың маңында бiр топ орыстың әскерiне тап болады. 
Орыстар қоржыны томпайып келе жатқан әкемдi ұстап, бар затын 
тартып алады. Ауыл арасында тентектiгiмен аты шыққан әкем, 
топ орыстан қаймықпай, төбелесе кетедi. Бiрақ көп адам қойсын 
ба. Жабылып ұрып тастайды. Ұрып тастағаны былай тұрсын, 
атын тартып алып, өзiн жаяу жiбермек болады. Мұны сезген 
әкем жанына жақын тұрған аттылы орыстың басына қамшымен 
бiр ұрып құлатады да, қаша жөнеледi. Бiрақ аналар мұның 
соңынан қумайды.. Бәрi қатарласа тұрып, мылтықпен көздеп ата 
бастайды. Ешқандай оқты денесiне дарытпаған әкем сол шапқан 
күйi Бадамнан өтiп, қыр басына шығады. Осы кезде орыстардың 
басшысы: “Қашып бара жатқан осы жабайы қазақты кiм бiр оқпен 
атып құлатса, осы ауылдың аты соның атымен аталатын болады”, 
— деп айқайлапты. Арасында Әлiксәндiрiп деген мерген бiреуi 
бар екен. Сол қыр басында атпен шауып шыққан әкемдi бiр атып 
құлатыпты. Қайран әкем, сол жерде мерт болады. Ал әлгi орыстар 
осы маңдағы жер-судың, ауыл-аймақтың аттарын тiзiп, қағазға 
түсiрiп жүрген үкiметтiң адамдары екен. Сондықтан да ауыл атын 
жаңалау қолдарында болған да. Жаңағы басшы сөзiнде тұрып, 
әкемдi атып өлтiрген ауылдың атын жаңағы мергеннiң атымен 
— “Әлiксәндiрiпка” деп атап кетедi. Ол ауылды өзiң де бiлесiң. 
Сендер отырған жердiң төменгi жағында. Ал бұрын ол ауыл — 
Қосшоқы деп аталатын. Бiздiң жерге қоқандықтардың орнына 
келген орыстар датқа деген атты жойып, әр руға бiр-бiр болыс 
сайлауды шығарды. Болыс болған адамды ел бұрынғы қоқаннан 
қалған атпен атап, датқа дей бередi.
— Менiң жақыным Қасымбек те бұрын датқа болған ба?
— Жоқ. Ел сиқым Қасымбек, жаныс Қасымбек деп екiге бөлiп 
айтатын Қасымбектiң екеуi де болыс болған. Жұрт кейде екеуiн 
де ескi ұғыммен датқа дейдi. Сиқым Қасымбектен кейiн оларда 
Жандарбек болыс болды. Бiздегi Қасымбектен соң, болыстыққа 
Ордабек сайланды. Бiрақ қанша дегенмен бұлардың ешқайсысы 
сиқым Қасымбек сияқты елге билiк жүргiзiп, төрелiк айта алмады. 


56
Сүлеймен қарақшы
Жарықтық, сиқымдағы Қасекең — сенiң бабаң Төле биге ұқсап 
туған нардың өзi едi…
Бұлар осылайша әңгiмелесiп келе жатып, Досалы бидiң 
ауылына жақындап қалғандарын да сезбей қалды.
— Әне бiр қызыл түнiкелi үйдi көрдiң бе? — дедi Көбек 
ауыл шетiндегi орыс үлгiсiмен салынған дәу тамды көрсетiп. — 
Досалы бидiң үйi — сол. Осы жерде аттан түсiп, оған жаяулата 
жақындайық. Тура үй маңына дейiн атпен ойқас-татып барған 
адамды Досекең аямайды. Малайларына айтып, дүре соқтырып 
жүруi мүмкiн. Аттан түсiңдер!
Бәрi Досалының үйiне қарай жаяу беттедi. Бұлар үй 
маңындағы төбесi қамыспен жабылған ұзын қораның жанына 
келгенде, алдарынан екi қызметшi жiгiт шықты.
— Би үйде ме? 
— Үйде, Көбеке, үйде. Кеше ғана Қазығұрт жақтан келiп едi. 
Қалай, өздерiңiз аман-сау жеттiңiздер ме? — дедi ұзынша келген 
бiрi.
— Қасында кiм бар?
— Шегiр Естемес би мен Сүгiрәлi болыс, Елтай төре бар.
— Елтай төре деймiсiң? Ол хан тұқымының биде қандай 
шаруасы бар екен?
— Қандай iспен келгенiн бiзге айтады деймiсiз. Естуiмше, 
Қарабұлақ үстiндегi сарттар мен қазақ төрелерi жерге таласып 
қалғанға ұқсайды. Сол шаруамен келiп отыр-ау, шамасы.
— Оншақты үй төре осында ауып келгелi берi жер дауымен-
ақ өмiрлерiн өткiзетiн болды-ау. Қайбiр жылы да Ақсудағы 
қусирақтармен жер дауына түсiп жүрушi едi... Сендер осында 
қалыңдар. Менiмен Сүлеймен жүрсiн. 
Би үйi аса сәндi екен. Алдында ұзыннан бастырмасы бар. 
Көбек пен Сүлеймен сол бастырмадан өтiп, есiгi оюланған төргi 
бөлмеге кiрдi. Кең бөлменiң төрiнде шоқша сақалды екi кiсi отыр. 
Екеудiң оң жағындағы дөңгелек жүздi, қоңқақ мұрынды кiсiнiң 
жанында жалпақ бет, дүрдиген ерiндi, екi көзi тұздай көкпеңбек, 
түсi суық, қақпақтай жауырынды тағы бiреу бар. Олардың бергi 
шетiнде бiр әйел қымыз құйып отыр.
— Ассалаумағалейкум, — деп дауыстай кiрдi Көбек.


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет