Саясаттану


Мемлекеттің белгілері мен



Pdf көрінісі
бет34/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Мемлекеттің белгілері мен 
қызметтері


жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген қүралдары бар.
Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты үстау үшін халықтан 
салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем 
шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық қүрылысқа жат қүбылыс 
болатын.
Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы шарт. Жалпы мемлекет 
болу үшін оның өз аумағында (жерінде) түратын халқы болуы керек. Ол халық 
бір үлтты немесе көп үлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны 
белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін 
еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының саны көп болғанымен әлі 
күнге дейін өз мемлекеті жоқ.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
- Әкімшілік-аумақтық (территориялық)
- Ерекше өкімет аппараты (жариялы
- Мемлекеттің егемендігі
- Зорлықпен, еріксіз ашық күш қолдану
- Салық салу
- Мемлекет азаматының болуы
- Мемлекет рәміздерінің болуы
Мемлекетте түратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, 
партияға, кәсіподақ мүшелігіне өту әр азаматтың өз еркінде. Ал мемлекеттің 
аумағында түрған соң сол елдің азаматы болуы заңды қүбылыс. Азаматтығы 
жоқ адам (апатридизм) қүқықтық жағынан қорғалмаған болып келді. Ал бір 
елдің азаматы болған соң, сол елдің заңдарына бағынуға міндетті. Осы 
көрсетілген белгілер мемлекетті басқа үйым, мекеме, бірлестіктерден 
ерекшелендіреді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері бар.
105


Мемлекеттің ішкі қызметтеріне мыналар жатады:
а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде 
мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны 
мемлекеттік тапсырыс, салык, несие, экономикалык бағдарлама және т.б. 
арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы 
байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми 
техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады;
ә) әлеуметтік өмірді үйымдастырады. Халықтың әл ауқатын өмір деңгейін 
көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, түрмыс қажетін өтеуді 
жетілдірумен т.б. айналысады;
б) заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, 
қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т.с.с. 
басшылық етеді;
в) мәдени тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу ағарту 
ісін реттейді, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту ісіне қамқорлық жасайды.
Сонымен қатар, мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушы күшті 
қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы 
күштерді қүрып, үстап, пайдаланады.
Мемлекеттің сы ртқы міндеттеріне жататындар:
а) мемлекеттің түтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;
ә) өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым- 
қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін 
қамтамасыз ету;
б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, үтымдылығына, өтімділігіне, 
тиімділігіне жағдай жасау, баска елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер 
кезінде мәліметтер беруі және т.б.
Сайып келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті - қоғамның түрақтылығын 
орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әртүрлі топтарға, таптарға, 
жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиісті.
106


Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде 
ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. 
Біреулері, оны буржуазиялық қоғамның жемісі 
дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері, ондай қоғам 
белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің 
өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін 
кездестіреміз. Ол: «кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де 
иесі болады»,'-деген ой түжырымдайды.
Кейінірек бүл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье, 
Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. Дегенмен, азаматтық қоғам түғырнамасын жасауда 
ерекше еңбек еткен, немістің атақты пәлсафашысы Гегель болды. Оның 
ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, 
әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. 
Олардың мақсаты: қоғамның өміршеңдігін және азаматтық қүқықты жүзеге 
асыруды қамтамасыз ету.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттің қүрылымнан тыс қалыптасатын әлеумет- 
тік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын 
айтады. Ол жеке түлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік 
жасайды. Бүл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойыл- 
ған. Ал олардың атқаратын міңдеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген 
және орындалуын өздері тексереді.
Азаматтық қоғамның қүрамына адамдардың өздері тудырған қауымдас- 
тықтар (отбасы, корпорациялар, бірлестіктер, қоғамдық үйымдар, кәсіби, 
шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың 
өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғүрпы, салттары кіреді. Азаматтық 
қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін 
таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемле­
кет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның 
жалпы қүқықтары сақталады, бүзылмайды.
Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп қырлы 
экономика. Бүл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны 
өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мүнда белсенді іскерлікке, 
тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылды.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және
107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет