Саясаттану



Pdf көрінісі
бет41/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Демократия - мемлекеттік 
кұрылыс нысаны мен режим 
ретінде, демократияның 
тарихи нысандары


негізі. Билік иелері заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары 
келеді. Сондықтан құқықтық сенімсіздікті болдырмау керек. Оның кепілі- 
әділеттілік.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен катар демократиялық принципке жүйелі 
түрде мемлекеттін, негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы 
заң органы сайланбалы болуға тиіс.
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афина республикасы 
жатады. Ол б.з.д. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы 
шақырылып тұратын халық кенесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және 
сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешті. Мысалы, оған 
басқарушы қызмет адамдарын сайлау жэне олардың жұмысына бакылау 
жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; 
соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың әрекет- 
терін айыптау немесе акгау және т.с.с. жататын. Халық кенесіне 20 жасқа 
жеткен афиналык әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден- 
бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толык құқықты азаматтар көп 
болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа калалардан Афинаға көшіп келген- 
дердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бас бостандықтары 
болғанымен халық кеңесіне, сотка қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге 
сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметі- 
нің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп 
болса, оларды басқару киынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді.
Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес 
жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті 
басқару мәселелерінен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде 
қаралатын істерді дайындады.
Афина мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды демократиялык орга- 
нын он бөлімнен тұратын халык соты құрды. Істің қандай бөлімде қаралатын- 
дығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бүл пара алушылықтың 
алдын алды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізіліп тұрды, Ол да сотты 
әділ жүргізудің кепілі болды. Заңдар халык жиналысында қабылданады. 
Афинаның азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, 
заңға бағынды. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт кезде болсын мемлекетке 
қызмет етті.
Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Қауымның тіршілік
125


негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір толық құқықты азамат 
меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті үлесін қожасы мұра 
етіп қалдыра алатын, сатқысы келсе, сататын. Бірақ, ол жер өңделмесе, қауым 
оны басқа біреуге бере алды.
Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және 
мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа 
біреуге беру деген ойға да келмеген. Ондай жағдайда азамат толық құқығынан 
айырылғандай болып көрінетін. Антикалық демократия тура демократия 
болды. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға кұқықты және 
міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей 
партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ.
Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі 
Грекия мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, олар 
көптеген жақсы жақтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар олардың осал 
жерлері де бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. 
Қоғам адамдардың ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және 
өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсызды- 
ғына, жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің 
мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлықпен шексіз үстемдік құратын 
зұлым патша сияқты болып, ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сияқты 
болып көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын демагогтарға 
қолайлы болды. Сондықтан Аристотель демократияны жалпы халықтың 
игілігін ойлап, ұстамды, дұрыс шешім қабылдай алмайтын тобырдың билігі 
деп сипаттады.
Демократия барлық адамдарды теңдестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, 
қызмет адамдарын қабілетіне, біліміне қарай емес жеребемен
қойдырады деп Платон да жақтырмады. Сондықтан ол демократияға 
жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп қарады. Дегенмен, 
антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар 
бойы зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясының 
нышандары жаңа тарихқа енді. Мысалы, қазіргі әлемде ең демократияшыл 
елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси жүйенің принциптері жаңа деңгейде 
қайталанғандай: президенттік билік - патшалық билікті, сенат - аристократия- 
ны, өкілдер палатасы - халық трибунатын бейнелеп тұрғандай. Заңның 
үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардың теңдігі, саяси құқықтардың 
тендігі және т.б. сияқты антикалық дәуірде бастау алып қалыптасқан ұғымдар
126


қазіргі демократиялық режимнің ажырамас белгісі.
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық 
идеялардан бастау алды. Бірақ, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгеше- 
лігі, ең алдымен, барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға 
қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген 
еңбегінде Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процесске 
тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда 
жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. 
Бұл идея саясаттың басты принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат 
негізінде қалыптасады. Осылайша, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын 
жинап, топтастырып, ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды.
Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық 
философияның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін 
жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссо да демократияның 
классикалық теориясының негізін салушылар да адамның рационалды жағын 
асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан 
жүргізілетін айла-шарғыларына оңай сеніп қалатындарын, азаматтардың 
күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайлы, селқос 
қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф 
Шумпетер (1883-1950 жж.) болды. Ол өз есімімен аталған демократияның 
«шумпетерлік» теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы тілек барлық халық- 
тың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. 
Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес.
Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық 
атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс 
жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан, демократиялық тәсіл -Шумпетердің 
ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелестік күрес нәтиже- 
сінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, 
Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында 
бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. 
Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы 
мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар құрылады және солар- 
дың арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында 
либералдық демократия қағидалары қалыптасады.
Либералдық қағидада халықтың, көпшіліктің орнына жеке адам алға 
тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке
127


таласады, халық дауыс береді. Саяси процессте тұңғыш рет саяси жетекші 
мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалық саласында да, саяси саласында 
да еркін бәсеке пайда болады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке 
тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін ол акционер- 
лік қоғамдар, корпорациялар, концерндер және т.б. түріне айналды. Саяси 
өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін 
келе әр түрлі топтардың жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірліктерінің 
түрінде жүргізілетін болды.
Алуан түрліліктің «плюрализмнің» элементтері демократияның классика- 
лық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен 
Дж.Локк пен Ш.Л. Монтескье көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж.Мэдисон (1751-1836 жж.) 
мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әртүрлі топтар болған 
сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге 
басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық 
полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс 
жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және 
либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін 
дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды. 
Демократияның 
алуан 
түрлілік 
теориясы 
саяси 
процесске 
барлық 
азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияның 
антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер 
болатын. Енді ол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны 
шешімдер қабылдаудан ығыстырады, яғни, азамат саяси процесстің негізгі 
тұлғасы болудан қалады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси 
процесстің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, 
топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен 
бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке 
тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдық және 
ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.
Қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген 
мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда 
болады. Қандай адам болмасын, осындай белгілі бір топтың (отбасылық, 
этникалық, мамандық, діни, аймақтық және т.с.с.) өкілі болып табылады және 
сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлга өз мүддесін білдіріп,
128


оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті - қоғамдағы алуан 
түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық 
айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы 
олардың тепе-теңдігін табу.
Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксшілдік 
теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдық теориясына ұқсас. Бірақ, марксшілдік 
демократияның таптық мәніне баса көңіл бөледі. Соңғы кезде демократияның 
экономикалық, теориясы 
алға тартылып жүр. 
Ол саясаттың 
билік 
қатынастарын 
нарықтық 
қатынастармен 
байланыстырады. 
Мысалы, 
Американың экс-президенті Б.Клинтон қазіргі Батыс демократиясына 
нарықтық демократия деген атау берді.
Демократияны тура, плебисцитарлык, өкілдік демократия деп бөледі. Тура 
демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде 
тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді
саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; 
халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне жол ашады; 
саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын 
қамтамасыз етеді.
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға 
маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу 
үшін сайлаушылардың пікірін білдіруі кіреді. Ол парламент, үкімет басшысы 
немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, 
Италия елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 
референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға 
сайлау арқылы заңның немесе баска шешімнің жобасын қабылдау немесе 
қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе 
бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу 
мүмкіндігі өте аз. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және 
биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, 
мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды 
сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы 
жақтары - еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың 
құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал тұсы - сайлау аралығында халықтың 
биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің 
өрістеуі және т.б.
129


Биліктің 
үш 
тармағы 
көрсетілді: 
атқарушы, заң шығарушы, сот. Билік 
қоғамдық күш тұрғысында жеке адам- 
дардың еркімен қалыптаспайды. Ол объективтік табиғи тарихи дамудың 
нәтижесінде пайда болады. Биліксіз және күштеусіз адамзат қоғамының 
болмағандығына тарих куә. Соған сәйкес саяси сала және онымен байланысты 
құбылыстар билікпен анықталады. Одан шығатын қорытынды, біріншіден, 
біреудің екіншіге еркін тануды, екінші жағынан, оған бағынуды көрсетеді. 
Билік пен демократия өзара тығыз байланысты.
Қазақстанда демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық 
қоғамды жедел дамыту бірнеше кезеңдерден өтті. 1991-1995 жылдары егемен 
Қазақстанның Конституциясы қабылданғанға дейін, бірпартиялықтан саяси 
плюрализмге көшуге, демократиялық даму негіздерін құруға күш жұмсалды. 
Бұл кезеңде «Тұрақты да күшті экономика болмайынша саяси даму баяу 
жүретінін, жалпыхалықтық наразылыққа, елді тұрақсыздандыруға соқтыруы 
мүмкін», «Алдымен экономика, кейін саясат» деген ұстанымдар басты назарда 
болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда 
республикалық бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Ата Заң 
қабылданған күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конститу­
циясы күні деп жарияланды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымының, жаңа 
моделі - президенттік республика осы Конституциядан бастау алады.
Саяси және экономилық даму 7 қазандағы 1998 жылғы өзгерістерді әкелді. 
Өзгеріс бойынша Президенттің өкілеттілігі бірінші кезекте Сенат төрағасына, 
екінші кезекте Мәжіліс төрағасына, Үкімет төрағасына беріледі. Президент 
міндетін уақытша атқарушы Парламентті таратуға, Үкіметті отставкаға 
жіберуге, референдум өткізуге, Конституцияға өзгерістер енгізуге құқығы 
болмады. Мәжіліс депутаттарының саны 67-ден 77-ге ұлғайып, партиялық 
тізім 
бойынша 
сайлау 
енгізілді. 
Үкімет 
мүшесінің 
жауапкершілігі 
арттырылды. Сонымен қатар, Мәжіліс бес жылға, Сенат алты жылға, 
Президент жеті жылға сайланатын болды.
1995-2000 ж.ж. - Президенттік республика басқару нысанын таңдап алу 
арқылы ел посткеңестік экономикалық және саяси дағдарыстан шықты. Саяси 
тұрақтылық сыртқы инвесторлар үшін кепілдік болды.
2001-2006 ж.ж. - әлеуметтік-экономикалық серпінді секірісті қамтамасыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет