сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей
қатысу өз кезегінде екіге
бөлінеді. Біріншісі - институционалданып реттелген демократия. Онда азамат-
тар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын
білдіреді. Қазіргі демократиялық қоғамда
азаматтардың көбінің саяси
белсенділігін білдіретін түрі - сайлауға қатысу. Ұйымдастырылу және өткізу
жағынан сайлауға ұқсас келетін-референдум. Оған қатысушылар азаматтар
сол арқылы өздерінің мемлекеттік билікке және т.б. маңызды мәселелер
бойынша пікірлерін білдіреді. Оның қорытындысы
заңдастырылған саяси
шешімге айналады.
Саяси процесске қатысудың бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл сияқты
билікке ықпал ету түрлері бар.
Бұқаралық жиналыс бір мәселені бақылауға арналады. Ол саяси биліктің не
саяси серкенің шешімін қолдамау не қолдау болуы мүмкін.
Оған көп адам
қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы бар. Мысалы, мұндай
жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары қайшы келетіндіктен, араң-
дату әрекетіне итермелеушілік кездесуі мүмкін.
Шеру - белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты
жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталған.
Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсылыққа етер әсері үлкен болған.
Ереуіл - саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір
талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі
себебі - әлеуметтік-
экономикалық факторларға қатысты болады.
Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға,
саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара
салмағына, демократиялық дәстүрлердің жетілу деңгейіне тікелей байла
нысты.
Қоғам дамуының қазіргі замандағы әлеуметтік жаңарудын жоғарғы
қарқыны, өмірдің барлық саласына сай қоғамдық қатынастардың
өрлеуі саяси
процесстің жан-жақты жетілдірілуін, мейлінше үйлесімділігін қажет етеді.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен көп уақыт өте
қоймаса да, жаңа мемлекеттің саяси дамуының кейбір қорытындыларын
шығаруға айтарлықтай негіз бар.
137
Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, саяси жүйесін
демократиялық
тұрғыда ұйымдастыруды негізгі заңында көрсетті.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өзінің алдыңғы-
лардан мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікті және Қазақстан халықтарының
толық билігін алғашқы рет баянды етуімен ерекшеленеді. Онда дүниежүзілік
талаптарға сай келетін азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, халық
билігін жүзеге
асырудың демократиялық тетігі, экономикалық саяси қатынас-
тардың қызмет түрінің алуандығы көрініс тапқан.
XX ғасырдың соңында қалыптасқан Қазақстан Республикасының саяси
құрылымының Конституциялық сипаты осындай. Қазіргі кезде заман ағымы
мен объективті талаптарға сәйкес еліміздегі саяси құрылыс жетілдірілуде.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1. Саяси процесс және саяси өмір түсініктеріне анықтама беріңіз.
2. Саяси процестің сатыларын көрсетіңіз.
3. Азаматтардың саяси процеске қатысу нысандарын көрсетіңіз.
4. Қазақстандағы саяси процестің ерекшелігі неде?
Әдебиеттер:
1. Сәрсенбаев Т.Қазіргі сяси процесс. Оқу құралы. Алматы, 2009.
2. Юдин Ю. Политические партии и право в современном государстве. М.,
1998
3. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А., 2000
4. Политология: Учебник // Под ред Т.Т. Мустафина. А., 1993
5. Қапесов Н. Саясаттану оқу құралы А., 2003
138