Саясаттану


 Саясаттану пәнін оқытуда және берілген тапсырмаларды орындауда



Pdf көрінісі
бет54/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саясаттану пәнін оқытуда және берілген тапсырмаларды орындауда
студентке қойылатын талаптар
1. Сабақка студенттің қатысуы міндетті. Кешігу немесе лекция (дәріс) 
үстінде басқа студенттермен сөйлесуге болмайды. Әр дәріс пен тәжірибелік 
(семинар) сабақтарына қатысуы келісім бойынша бекітілген өлшеммен бағала- 
нады. Мысалы, дәріс пен семинар сабақтарына қатысуы - 1 балл, қатыспаған 
сабақтары үшін - минус 1 балл. Себепсіз босатылған сабақтар үшін - минус 2 
балл.
2. Себепті жағдайлармен сабақ босатсаңыз, сіз (студент) арнайы курс 
міндетінен босатылмайсыз. Оның өзі студенттің сабақ босатуын дәлелдейтін 
құжат болғанда ғана, студент тиісті тапсырманы алып, көрсетілген уақытында 
тапсырманы өткізуі керек. Сонда ғана пәннің саясаты бойынша студент білімі 
және жұмыс түрі бағаланады.
3. Студент оқу үрдісінде әсіресе дәрісханалық тапсырмаларды орындауда, 
бақылау немесе емтихандарда белсенділік танытуы қажет және 50 пайыздық 
немесе одан да жоғары балл көрсеткішін көрсетсе емтиханға жіберіледі.
4. Дәрісханалық сабақтар кезінде сіздің қалта телефоныңыз өшірілуі тиіс.
5. Оқытушы мен курстастарыңызға ашық жарқын болуға және шыдамды- 
лықпен қарауды ұмытпаңыз.
6. Қорытынды бақылау (емтихан) компьютерлік тест үлгісінде немесе билет 
сұрақтарына жауап беру арқылы өтеді. Егер емтихан тест үлгісінде өтсе, әр 
сұрақтың 5 жауабы, оның біреуі ғана дұрыс. Тесттік тапсырмалар сұрақтары 
студенттерге арналған жұмыс бағдарламасында (Sullabus) көрсетілген.
157


6 Семинар сабақтарының міндеттері
«Семинар» термині латын тілінің «semmarmm» сөзінен аударғанда 
ауыспалы мағынасында - «мектеп», «училище» дегенді, соңғы уақыттарда 
оқытудың жеке бір түрі ретінде немесе оқу процесін ұйымдастыру нысаны 
ретінде қолданылады. Энциклопедиялық анықтама бойынша, семинар жоғары 
және арнаулы орта білім беру жүйесінде, белгілі бір мамандықтың оқу 
жоспарына енген, ғылыми пәндердін арнаулы бөлімдерін оқытуға арналған 
жүйелі оку сабақтарының бір түрі.
Сонымен, оқытуды ұйымдастырудың барысында тыңдаушылар оқытушы- 
ның бақылауымен белгілі оқу пәнінің немесе курстың жеке тақырыбын
бөлімдеріне қатысты сұрақтарын топ болып талқыға салады. Өздік тұжырым- 
дарын ашық айтады.
- Лекцияда алған теориялық білімді бекіту (әр түрлі жолы бар);
- Тыңдаушының тиесілі әдебиеттердің қажетті бөлімінен өз бетінше жұмыс 
істеуі;
- Қосымша мәліметтер негізінде теориялық танымды кеңейту;
- Оқу мазмұнын анализдеу және синтездеу тұрғысынан логикалық- 
танымдық теорияларды меңгеруге, ойын дәлелдей білуге, дәлел негізін таба 
білуге уйрену;
- Теориялық ұсыныстарды (рекомендацияларды) жеке және топтық 
тәжірибелермен салыстыру т.б.
Семинар сабақтарының түрлері өте көп. Мысалы, семинар-әңгіме, 
тақырыптық, баяндамалық, проблемалық, пікір-сайыс, танымдық т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет