Саясаттану



Pdf көрінісі
бет58/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Әдістемелік нұсқау:
Саяси ғылымның даму тарихы мен негізгі кезеңдері тақырыбында студент 
мынадай әдістемелік нұсқауларға сүйенгені дұрыс. Мысалы: Платон, Аристо­
тель, Цицерон т.б. саяси ілімдердің негізін қалаушылар мен құлдық замандағы 
пайда болған елдердің мемлекеттігі мен саяси билік мәселелері қалай дамыды 
және ол жөніндегі ойшылдардың тұжырымын салыстыруда тарих курсының 
негізіне сүйенеді. Феодалдық қоғамдағы орта ғасырлық және қайта өрлеу 
дәуіріндегі саяси тұжырымдарды жинақтап таныса келе, мемлекет ерікті 
болса, қуатты және абыройлы болады деген пікірдің мәнін сол заманғы 
ойшылдардың түсіндіруінше қандай фактіге сүйенгендіктерін философиялық 
ілімнің негізінде дәлелді түрде көрсетіп білгендері дұрыс болады.
Ал жаңа замандағы саяси ғылымның дамуын анықтауда еуропалық 
ғалымдар (Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, И.Кант т.б.) пікірлеріне талдау 
жасап, бірақ айтылған ойларда қоғамдық саяси өмірдің шынайы жолдарына 
баратын бағыттардың көмескі болғандығын сипаттау керек. Марксистік ой 
идеялар тұжырымы мемлекетсіз, саясатсыз қоғам болады дегенді әшкерелеп 
анықтау. XX ғасырдағы саяси ғылымның тұжырымы мен қалыптасу тарихы 
қоғамда басқарушы мен бағыныштылардың арасында тап күресі, бәсеке- 
таластың жүруін тарихи заңдылық дей келе, қоғамның дамуындағы толы 
өзгерістердің саяси себептерін анықтап түсіндіреді.
Қазақ даласындағы саяси ағымдардың дамуы көшпелі халықтың филосо- 
фиясынан бастау алып әр кезеңдердегі (қазақ хандығы) отаршылдық, 
әкімшілік-әміршілдік жүйеден бүгінгі тәуелсіздікке жеткендегі саяси ойлар 
мен саяси идеялардың тоғысуына жан-жақты талдаулар жасаған дұрыс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. 
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуының тарихи кезендері 
қандай?
162


2. Құлдық қоғамдағы мемлекет және саяси басқарудың мәні туралы не айтар 
едіңіз?
3. Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?
4. Марксистік саяси ойлардың және оның дағдарысқа ұшырау себептері 
неде?
5. XX ғасырдағы саяси ілімдер мазмұны нені меңзейді?
6. Қазақ даласындағы саяси ойшылдардың рухани мұраларындағы мемлекет 
жэне саясат мэселелері туралы қандай пікірлерін білесіз?
7. Асан Қайғы мен ағылшын утопистерінің идеяларындағы ортақтык неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет