қазіргі айтылып жүрген саяси ғылым зерттеушілерінің
деректерінен хабардар
бола отырып, өзіндік саяси тұжырымдарын жасауға дағдылануы қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз не?
2. Саяси жүйенің құрылымына «саяси институттар», «саяси қатынастар»,
«саяси ережелер», «саяси мәдениет» т.б. категорияларға анықтама беру.
3. «Демократия» тарихының бастауы қай уақыттан басталады,
оған себеп
болған мәселелерге талдау жасаңыз.
4. Демократияның алуан түрлілігіне не жатады?
5. Демократия жетістігін неден байқаймыз? Қазақстан Республикасындағы
демократия көріністерін неден байқайсыз?
№5 -
тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Мемлекет
Мақсаты: Мемлекеттің пайда болуы туралы
тұжырымдар мен белгілері,
қызметі және Қазақстан Республикасындағы егеменді, тәуелсіз мемлекет оның
дамуы мен басты белгілері туралы мағлұматтарды анықтау, оны талдау.
Тапсырма:
1. Мемлекеттің пайда болуы.
2. Оның белгілері мен қызметі туралы.
3. Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз, демократиялы мемлекет.
4. Мемлекеттегі сайлау жүйесі туралы.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттер бұл тақырыпты қарастыруда сұрақтарға
назар аударумен бірге
мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі теориялардың мазмұнына және де
гуманитарлық ғылымдар бойынша (тарих, философия т.б.)
алған білім
негіздерінің мәніне сүйене отырып, талдаулар жасауы керек. Әдебиеттер
көмегімен саяси баяндамалар, рефераттар жазып, оны сараптаудан өткізеді.
165