28
Сұрақтарға жауап беріңіз
1.
Эквиваленттік емес лексикаға қандай сөздер кіреді?
2.
Эквиваленттік лексика емес
боп есептелінмейтін аударма
саласындағы окказиональдік біркелкіліктің неше түрлерін қолданады?
29
№ 7 ДӘРІС
Аударманың эквиваленттілігі
Аудармашылық эквиваленттілігі - аудармашының көмегімен аударма
процесінде жүзеге асатын, негізгі мәтін мен аударма мәтінінің мағыналық
жақындығы. Аударма уақытында негізгі мәтін мағынасының максималды
(лингвистикалық) түрде сақталуы аударма эквиваленттілігінің
шегі болып
табылады. Әрбір бөлек аудармада мағыналық сәйкестік негізгі мәтінге әр түрлі
жолдармен, тәсілдермен, деңгейлермен максималды түрде жақын болады.
ШТ(түпнұсқа тілі шет тілі) АТ(аударма тілі)
ШТ мен АТ жүйелеріндегі айырмашылықтар негізгі мәтіннің
аудармасында толып сақтау мүмкіншілігін шектей алады. Сондықтан да
аударманың эквиваленттілігін, әр түрлі негізгі
мәтінде болатын мағынаның
бөлшектерінді сақтауға негізделген. Мазмұның қай бөлігі аударманың
эквиваленттілігін қамтамасыз ететініне қарай эквиваленттілік бірнеше
деңгейлерге бөлінеді эквиваленттің әр деңгейінде аударма тіларалық
байланысты қамтиды. Әрбір мәтін байланыс функциясын атқарады, белгілі бір
эмоцияларды
көрсетеді, коммуниканттар арасындағы байланысты орнатады,
рецептордан қандай да бір қозғалысты талап етеді.
1. Аударма эквивалентінің бірінші түрі немесе деңгейі
Бұл деңгей коммуникацияның мақсатын құрайтын, негізгі мәтін
мазмұнын қандай да бір бөлігін сақтауында негізделген: мысалы
Maybe there is some chemistry between us that doesn't mix. - Бывает, что
люди не сходятся характерами. Мінездерімен адамдар арасында
сыйыспайтындық болады.
That's а pretty thing to say. - Постыдился бы! Ұялсаң еді!
Вечерний звон, вечерний звон, как много дум наводит он. - Those evening
bells, those evening bells, how many tales their music tells. Кешкі сылдыр, кешкі
сылдыр, көп ой тудырады.
Бірінші мысалы коммуникацияның мақсаты
сөйлем мазмұнының ең
басты бөлігін ауыспалы мағынада жеткізуі болып табылады. Осы сөйлемде
коммуникациялық көрініс, коммуникация қарым-қатынастарын ерекше көркем
бейнелеу арқылы, және де химиялық элементтер байланысының тәуелділігімен
жүзеге асады.
Екінші мысалда коммуникациясының мақсаты сөйлеушінің ренжуі көңіл-
күй арқылы көрсету. Осы мақсатқа жету үшін аудармашы қандай да бір
стереотипті сөз тіркесін қолданады. Бірақ осы сөз тіркесі негізгі мәтіннің
бірлігіне сәйкес келмейді.
Үшінші мысалда негізгі
мәтіннің жалпы қызметі екпінге, көлемге
дыбысталуына байланысты. Жоғарғы мысалдың мақсаты аудармашы
тарапынан аударманы поэтикалық түрде жеткізу болып табылады.
30
Жоғарғы мысалдарда көрсетілгендей,
коммуникацияның немесе
байланыстың мақсаты байланыс актісіндегі оның рөлін анықтайтын, жалпы
айтылған ойға байланысты, мазмұнның ортақ бөлігі болып табылады.
Қорыта
айтқанда, бірінші эквивалент деңгейінде аудармада негізгі
мәтіннен бөлек басқа бір ой айталғындай көрінеді.
Негізгі мәтіндегі екі, не одан да көп сөздер аудармада тура, не жанаша
түрде аударылуы мүмкін. Мысалы:
She lifted her nose up in the air - Она
Достарыңызбен бөлісу: