30. XV-XVIII ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және мәден
Қазақ хандығының құрылуы мен даму тарихына қатысты қалам тартқан шығыстанушы
танымал тарихшылар қатарына мыналар жатқызылады: М.Х.
Әбусейітова, К.М. Байпақов, М.
Вяткин, Ю.А. Зуев, Н.
Ибрагимов, С.Г. Кляшторный, , К.А. Пищулина, Т.И. Сұлтанов, В.П.
Юдин және т.б. Осы ғалымдар өз зерттеулерінде шығыстық жазба ескерткіштердің
үзінділерін
мейлінше көбірек пайдаланып, оларды ғылыми айналымға енгізе отырып,
отандық деректану ғылымының қалыптасуына елеулі үлестерін қосты. Тарих
философиясымен және тарихи зерттеулердің
методологиясымен, деректанумен айналысты.
XV – XVI ғасырлардың тек қазақ даласының ғана емес, бүкіл
Еуразия кеңістігінің тарихы
үшін маңызы бар екені даусыз. Тәуелсіздік жылдары отан тарихының ежелгі және орта
ғасырлардағы тарихы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген қытай, парсы, араб
тілдеріндегі тың деректердің негізінде жаңа тарихи таным тұрғысында зерттеліп, ғылыми
еңбектер жарияланды. Түркі кезеңіндегі найман, керейт,
онгут ұлыстарының тарихы қытай,
монғол деректерінің желісінде З.Қинаятұлының зерттеулерінен көрініс тапты.
Монғол жаулап
алуы мен ұлыстардың құрылуы мәселелері ғалым назарынан тыс қалмады. Жошы ұлысының,