Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары да екі жай сөйлем арасында
қолданылады да, өзінен кейінгі жай сөйлем құрамына енеді. Бұл жалғаулықтар
құрамына енген компоненттер алдыңғы компоненттегі іс-əрекет арқасында туатын
немесе туған нəтижені,салдары білдіреді. Мысалы: Менің кім екенімді қысқаша түрде
Жұмабайға əкесі айтып берді, сондықтан ол менен қысынбай сөйледі. Үлкен еңбегі
əперген беделі де үлкен еді, сол себепті қарауындағы жұмысшылардың барлығы оның
айтқанын заң көретің-ді. Өткен түні Шалтайды түсінде көрген еді, сондықтан сол күдік
көңлінен, əсіресе бүгін кетпей қойды.
Бұл мысалдағы бірінші жай сөйлемдер екінші жай сөйлемдегі іс-əрекеттің солай
болу себебін білдіреді де, екінші жай сөйлемдер сол себептен туган нəтижені, салдарды
білдіреді. Ол неліктен, не себептен менен қысынбай сөйледі? Оған себеп менің кім
екенімді алдын ала айтып қоюда т.б.
Сонымен, өйткені, себебі деген жалғаулықтар бірінші сөйлемдегі іс-əрекеттің
себебін, неліктен олай болғандығын білдіретін жай сөйлем құрамында айтылса,
сондықтан, сол себепті жалғаулықтары бірінші сөйлемдегі іс-əрекеттің себебінен туған
нəтижені, салдары жай сөйлем құрамында айтылады. Сөйтіп, бұл екі жалғаулықтың
бір-бірінен өзгешелігі- бұлар араласқан салалас сөйлемдегі себепті білдіретін
компонент пен себептен туған нəтижені, салдары білдіретін компоненттің орналасу
тəртібінде. Өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын салалс сөйлемде бірінші
компонент нəтижені білдіреді де, екінші компонент сол нəтиженің себебін білдіреді, ал
сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалатын салалс сөйлемде алдыңғы
айтылғанға керсінше, бірінші компоненті себепті, екінші сол себептен туған нəтижені
білдіреді.
Бұл жалғаулықтардың əр топтағысы бірінің орнына бірі талғаусыз қолданыла
береді. Одан сөйлемнің не мағыналық жағына, не құрылысы жағына ешқандай нұқсан
келмейді. Мысалы: Оның қыңыр қылықпен тұрып кеткенін отырғандар тегіс түсінді,
өйткені бастан-ақ сабындай бұзылып, құдашамен əңгімесінің жараспағанын, қатар өсіп
келе жатқан Нұрымның жиын жерде одан əлдеқайда базарлы екенін, мұны Жартайдың
көрер көзге күндеп, тіл тигізе сөйлеп отырғанын бəрі де байқаған-ды. Қарт оның не
ойлап отырғанын сезген жоқ, сол себепті бұл екеуіне ол көз де салған жоқ деген
сөйлемдердегі өйткені жалғаулығының орнына себебі жалғаулығын келтіріп, сол
себепті жалғаулығының орнына сондықтан жалғаулығын келтіріп айтудан сөйлемге
ешқандай нұқсан келмейді. Бірақ бір топқа жататын жалғаулықтың орнына екінші
топтағы бір жалғаулықты қойып айтуға болмайды. Ондай ауыструлар компоненттердің
орналасу тəртібін өзгертуді керек етеді. Мысалы: Аңшыдан қашқан қасқырдай
салғаннан текіректей жөнелген бұл төртеуі қара жолға алыстан орағытып келіп кесіп
өтпекші болды, өйткені жол бетінде Нұрыш пен Бақы бастаған сегіз аттылы да сар
желіп келе жатыр еді. Жол бетінде Нұрыш пен Бақы бастаған сегіз аттылы да сар желіп
келе жатыр еді, сондықтан, аңшыдан қашқан қасқырдай салғаннан текіректей
жөнелген бұл төртеуі қара жолға алыстан орағытып келіп кесіп өтпекші болды дегенде
бірінші жағдайда себепті білдіретін жай сөйлем екінші орында келсе, екінші жағдайда
ол бірінші орынға шыққан. Тек компоненттердің орны өзгергені ғана болмаса, олардың
мағыналық қатынасына ешқандай нұқсан келген жоқ. Екі жағдайдың екеуінде де
компоненттердің бірі себепті, бірі сол себептен туған нəтижені білдіріп тұр.
Осы айтылған өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы
жасалған салалас сөйлемдер себептес салалас сөйлем деп аталады.
3)
Достарыңызбен бөлісу: |