6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарға
бағыт-бағдар беру.
7.Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін
және дағдыларын
қалыптастыру.
Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін
қысқаша мынадай шартты формула түрінде өрнектеуге болады 1.1 кестеда көрсетілген:
ФОӘ=А+Б+С,
мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі; А-физиканы не үшін оқытамыз; Б-физикада не
нәрсеге үйретеміз; С-физиканы қалай оқытамыз.
Яғни, қысқаша айтсақ, олардың негізгі мәні мынада:
Оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді диалектикалық-
материалистік тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір мен техникада қолданылуын
білуі үшін, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін, физикалық
шамалар мен өлшемдерді меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет (А);
физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге,
оларды
талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білу
ебдейліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншектерді материалистік ойлауға
дағдыландырамыз (Б);
физиканы оқыту процесі нәтижелі болуы үшін (С), оқушылардың логикалық
санасы мен диалектикалық ойлаудың дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен
қолданамыз, оқу материалын негізінен эксперименттік және көрнекілік түрде түсіндіреміз.
1.1 кесте
Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты, атап айтқанда
ең алдымен физикамен, психологиямен және педагогикамен байланысты (1.2 кесте). Бұл
ғылымдармен байланыс физика курсының мазмұнынан,
сондай-ақ оқыту әдістерінен,
тәсілдерінен және формаларынан көрінеді.
1.2 Кесте
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ФИЗИКА
ПСИХОЛОГИЯ
ПЕДАГОГИКА
ФИЛОСОФИЯ
ЛОГИКА
ТЕХНИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМДАР
Физиканы оқыту әдістемесі сондай-ақ философиямен, логикамен, техникалық
ғылымдармен тығыз байланысты. Техниканың дамуы оқытудың жаңа тәсілдерін құруға
әкеледі, өз кезегінде оларды оқу процесінде қолдану әдістемесін жасауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: