14-нұсқа
Ағылшын-қазақ сөздігі екілік бұтақ түрінде ұйымдастырылған.
Əрбір компонентте ағылшын тіліндегі сөз, оған сəйкес келетін қазақ
тіліндегі сөз жəне осы компонентті қолдану санауышы сақталады.
Бастапқы кезде бұтақ ағылшын алфавитіне сəйкес құрылады. Сөздікті
пайдалану барысында компонентті əрбір қолдану кезінде санауышқа бір
қосылады.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ пайдалану санауышының нақты мəндері бар сөздікті бастапқы енгізуді
қамтамасыз ету;
□ сөздіктің жаңа бейнесі келесі алгоритм бойынша екілік бұтақ түрінде
қалыптастырылады: а) ескі сөздіктен пайдалану санауышының мəні ең үлкен
болатын компонент ізделеді; ə) табылған компонент жаңа сөздікке енгізіліп,
ескі сөздіктен өшіріледі; б) бастапқы сөздік аяқталғанға дейін а) пунктіне
көшу;
□ жаңа жəне бастапқы сөздіктерді экранға шығару.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
15-нұсқа
Көпшілікке арналған сауалнаманың анкетасында сұрақтардың екі
тобы бар.
Бірінші топта респондент туралы келесідей ақпарат болады:
□ жасы;
□ жынысы;
□ білімі (бастапқы, орташа, жоғары).
Екінші топта анкета сұрағының өзі жазылған, оған ИƏ немесе ЖОҚ деген
жауап беріледі.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ анкеталарды бастапқы енгізуді қамтамасыз ету жəне олардан сызықтық
тізім қалыптастыру;
□ анкеталарды талдау негізінде келесі сұрақтарға жауап беріледі: а) 40
жастан асқан, жоғары білімді қанша ер адам анкета сұрағына ИƏ деп жауап
берді; ə) 30 жасқа толмаған, орташа білімді қанша əйел адам анкета сұрағына
ЖОҚ деп жауап берді; б) 25 жасқа толмаған, бастапқы білімді қанша ер адам
анкета сұрағына ИƏ деген жауап қайтарды;
□ барлық анкеталар мен сұрақтарға жауаптарды экранға шығару.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
185
Достарыңызбен бөлісу: |