Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет26/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

#include
int main(){
cout << "\n 6 & 5 = " << (6 & 5);
cout << "\n 6 | 5 = " << (6 | 5);
cout << "\n 6 
^
 5 = " << (6 
^
 5);
return 0;
}
Программа жұмысының нəтижесі:
6 & 5 = 4
6 | 5 = 7
6 ^ 5 = 3
Логикалық операциялар (
&&
 жəне 
||
). ЖƏНЕ (&&) мен НЕМЕ-
СЕ (||) логикалық операцияларының операндтары арифметикалық типте 
нұсқауыштар түрінде болуы мүмкін, оның үстіне əрбір операциядағы опе-
рандтар əр түрлі типте болуы мүмкін. Мұнда типтерді түрлендіру орындал-
майды, əрбір операндтың нөлге эквиваленттілігі бағаланады (нөлге тең опе-
ранд 
false
, нөлге тең емес операнд 
true
ретінде қарастырылады).
Логикалық операцияның нəтижесі
 true
немесе 
false
болады. Логикалық 
ЖƏНЕ операциясының нəтижесі оның екі операндының да мəні 
true 
бол-
са ғана 
true 
мəніне ие болады. Ал логикалық НЕМЕСЕ операциясының 
нəтижесі операндтардың кем дегенде біреуінің мəні 
true
болса, 
true
мəнін 
қабылдайды. Логикалық операциялар солдан оңға қарай орындалады. Егер 
операция нəтижесін анықтау үшін бірінші операнд мəні жеткілікті болса, онда 
екінші операнд есептелмейді. 
Меншіктеу операциялары (
=

+=

-=

*=
 жəне т.б.). Меншіктеу операция-
лары программада аяқталған операторлар ретінде қолданылуы мүмкін. 
Қарапайым меншіктеу операциясының (=) форматы:
операнд_1 = операнд_2
Мұнда бірінші операнд L-мəнді, екіншісі өрнек болуы тиіс. Алды-
мен операцияның оң жағында орналасқан өрнек есептеледі, содан кейін 
оның нəтижесі сол жақ бөлігінде көрсетілген жады аймағына жазылады 
(мнемоникалық ереже: «меншіктеу – бұл мəліметтерді “сол жақ бөлікке” 
беру»). Осы жады аймағында бұрын сақталған мəлімет, əрине, жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет