while (*d++ = *src++);
Тіркестермен жұмыс істеудің екі тəсілі де (жиымдар жəне нұсқауыштар
арқылы) қолайлы, олардың əрқайсысының жағымды жəне жағымсыз жақтары
бар, бірақ жалпы жағдайда, кітапхана функцияларын пайдалануды неме-
се С++ тілінің стандартты кітапханасында анықталған
string
класын
қолданған жөн.
string
класы тіркестерді индекстеуді, меншіктеуді, салысты-
руды, толықтыруды, біріктіруді жəне ішкі тіркестерді іздеуді, сонымен қатар
Cтіркестерді түрлендіруді, яғни
char
типті жиымдарды string типіне жəне
керісінше түрлендіруді қамтамасыз етеді (C++ тіліндегі тіркестер «Тіркестер»
бөлімінде, 307 б. сипатталған ).
ЕСКЕРТУ
String тіркестерінің
char
типті символдардан тұруы міндетті емес. Бұл кез келген сим-
волдар жиынын (тек ASCII ғана емес) қолдануға мүмкіндік береді, алайда кездейсоқ жиын
үшін көшіру операциясын өзіңіз анықтап алуыңыз керек, ал бұл жұмыстың нəтижелілігін
төмендетуі мүмкін.
Тіркестерді қолданатын программалар құру практикумның [11] бесінші се-
минарында көрсетілген.
Қолданушылар анықтайтын мəліметтер типтері
Өмірдегі нақты есептерді шығару кезінде өңделуі тиіс ақпараттың
құрылымы айтарлықтай күрделі болуы мүмкін. Оларды түпнұсқасына
сəйкес түрде бейнелеу үшін қарапайым мəліметтер типтерінің – жиымдар
мен нұсқауыштардың негізінде құрылған күрделірек мəліметтер типтері
қолданылады. С++ тілі программалаушыға өзіндік мəліметтер типтерін
құруға жəне олармен жұмыс істеу ережелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Оларды тарихи түрде қолданушылар анықтайтын мəліметтер типтері деп
атау қабылданған, алайда оларды программалаушы анықтайтын мəліметтер
типтері деп атаған дұрысырақ болар еді.
Типтердің атын ауыстыру (typedef)
Программаның айқындылығын жоғарылату үшін типке
typedef
түйінді
сөзінің көмегімен жаңа ат беру мүмкіндігі қарастырылған:
Достарыңызбен бөлісу: |