77
Функцияның ішінде сипатталған барлық шамалар жəне оның
параметрлері жергілікті (локалды) болып табылады. Олардың əрекет ету
аймағы – функция іші (тұлғасы).
Функцияны шақыру кезінде, кез келген
блокка енген кездегі сияқты, стекте жергілікті автоматты айнымалылар үшін
жады бөлінеді.
Сонымен қатар, стекте функцияны шақырудың алдыңғы
сəтіндегі процессор регистрлерінің мəндері жəне функциядан кері қайту
адресі
сақталады, ол осы функциядан шыққаннан кейін оны шақырған
программаның (басқа функцияның) орындалуын ары қарай жалғастыру
үшін қажет болып табылады.
Функциядан шыққан кезде ол орналасқан
стек аймағы босатылады,
сондықтан бір функцияның бірнеше шақырылулары арасындағы жергілікті
(локалды) айнымалылардың мəндері сақталмайды. Егер мұндай жағдайдан
құтылу
қажет болса, жергілікті айнымалыларды жариялау кезінде
Достарыңызбен бөлісу: